You are here

Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 33458
    Дата: 29.05.2017 00:04:57
    Аты-жөні: Ешенгазина Магрифа
    Сұрақ:
    Арыз Мен, Аягоз каласында , Актамберди 79а адреси бойынша турамын, биздин уйимиздин касымызда улкен аумакта мусорлар уйилип жатыр, Актамберди 79 адреси бойынша туратын 3 этажды уйдин ,30 отбасынын мусорлары(кирдин суы, дареттери ) мен Мерей-1 адреси бойынша, 18 отбасылардын канализациялары агып жатыр , тазартылмагына 1 жыл болды, касымызды балабакша бар, балалар далада ойнап жургенде мусордын устинде сиыр, ит, тышкан, крыса, каргалар журеди . "Аягоз тазалыгына" ,"Аягоз акимшилигине" , участковыйга коп рет шагым жасадык, бирак ешкандай арекет жасаган жок. Осы маселени шешуге комек сураймыз.
    Жауап күні:
    27 маусым, 2017 - 17:18
    Жауап:
    М.С. Ешенгазинаға Құрметті Мағрифа Серікқазы қызы! Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогынан түскен Аягөз қаласындағы Ақтамберді көшесі, 79 «а» және Мерей көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан үйлер аумағында тұрмыстық қоқыс-қалдықтардың жиналуы бойынша өтінішіңіз, облыс прокуратурасымен қаралды. 08.06.2017 жылы аудан прокуратурасының тапсырмасы бойынша аудандық Ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі, «Аягөз Тазалық» мекемесі, Аягөз қаласы әкімі аппаратының өкілдері Сізбен және аталған үйлер тұрғындарымен кездесе отырып, өтініш уәждерін талқылады. Кездесу барысында аталған үйлер аралығында қарастырылған қоқыс тастау орнында қоқыс жәшіктерінің жетіспейтіндігі және тұрғындардың қоқысты арнаулы орынға тастамайтындығы анықталды. Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, қоқыс жәшіктері ағымдағы айдың 29 жұлдызында орнатылады. Сонымен бірге, жергілікті полиция қызметі өкілдері тұрғындарға Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын (Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 07 қазандағы N 32/392-V шешімімен қабылданған) бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын түсіндірді. Облыс прокурорының орынбасары В. Шабер орынд. Ж. Қоңыров тел. 24-54-82
  • Сұрақ №: 32457
    Дата: 12.04.2017 16:27:36
    Аты-жөні: Асылгазина Алмагүл
    Сұрақ:
    Құрметті уәкілетті орган өкілдері! Мен 2016 жылы 14 қыркүйекте жиһаз жасайтын жеке кәсіпкер ИП Халютина Тамара Анатольевна дегенді хабарландырудан оқып, кездіп, тапсырысқа жиһаз жасатпақшы болып келістім. Ол үйіме келіп, жиһаздың сызбасын жасап, 200000 (екі жүз мың) теңгеге бағалады.Жиһазды 10 күннің ішінде жасаймын деп сендіріп, менен алдын ала төлем жасауымды айтып, менен 100 000 (жүз мың ) теңге сұрады. Мен 2016 жылы 16 қыркүйекте Халютина Тамара Анатольевнаға Өскемен қаласы, Грейдерная көшесі 86 мекенжайы бойынша орналасқан жиһах цехына жұбайыммен барып, сұраған ақшасын апарып бердім. Цехта Тамарамен бірге оның қызы Халютина кристина да болды. Ол да жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Халютина Т.А. өз кезегінде маған ақша төленген деп түбіртекті беріп, жиһазды 27 қыркүйек 2016 жылы орнататынын айтқан. содан бері Халютина Т.А. жиһазды әлі күнге дейін жасаған жоқ. Мен ақшамды сұрап хабарласқанымда маған ертең, ертең деп алдап, жалған ақпарат айтып жүрді. Халютина Т.А. 2016 жылдың қараша айынан бастап маған такси арқылы үйінен (Кузнечная 84) ақшамды бөліп-бөліп 5-10 мың теңгеден жіберіп отырды. Ал бүгінгі күнге дейін Халютина Т.А. маған 70 мың теңгемді қайтарды. Ал 30 мың теңге ақшамды қайтарған жоқ. Ол үнемі телефон нөмірін ауыстыра береді және звондаған кезде телефонға жауап бермейді. Мен 2016 жылы қараша айында Өскемен қалаллық Үлбі полиция бөлімшесіне арыз жаздым. Бірақ, арыз бойынша жұмыс арықарай қаралған жоқ. Полиция қызметкерлері арызды қабылдап, арықараай материлмен жұмыс жасаған жоқ. Халютина Т.А. алданған Өскемен тұрғындарының қатары күн сайын артып келеді. Себебі ол менің 4 көршімді де осылай алдап кеткен. Құрметті прокурор мырза! Сізден, Халютина Тамара Анатольевнаның әрекетін тексерулеріңізді сұраймын. Сонымен қатар, қалған қаражатымды қалай қайтарып алуға болатынын, арықарай қайда арыз жазуға болатынын, полиция құызметкерлері неге Халютинаның Т.А. іс-әрекетіне рекация жасмайтынын білгім келеді. Құрметті прокуроро мырпза сонымен қатар, бұл алаяқтық әрекетке қазіргі таңда бірнеше адам зардап шеккенін, ақшаларын қайтавра алмай жүргендерін ескерулеріңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    21 сәуiр, 2017 - 11:10
    Жауап:
    Құрметті Алмагүл Төлеубайқызы! Сіздің Т.А. Халютинаға қатысты полиция қызметкерлері тарапынан шара қолданбау жөніндегі өтінішіңіз облыс прокуратурасымен тексеру жүргізу арқылы қаралғанын хабарлаймын. Өзіңізге белгілі болғандай, 17.01.2017 жылы Үлбі полиция бөлімімен Сіздің жазбаша арызыңыздың негізінде Т.А. Халютинаға қатысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Тергеу нәтижесінде Т.А. Халютинаның кінәсін толық дәлелдейтін тиісті дәлелдемелер табылған, алайда оның асырауында кәмелеттік жасқа толмаған баланың бар болуына байланысты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 6 бабы 2 бөлігінің 2 тармағы қолданылып, 17.02.2017 жылы Солжағалау полиция бөлімінің тергеушісі Г.М. Нуралин қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қысқарту туралы қаулысын шығарған. Қабылданған шешім заңды және негізді болғандықтан облыс прокуратурасы онымен келісті, полиция қызметкерлеріне қатысты прокурорлық шара қабылдануға негіздер жоқ. Дегенмен қылмыстық істі қысқарту Т.А. Халютинаның кінәлілігіне ешбір себебін тигізбейтіндігін және келтірілген материалдық залалды өтеп беруден босатпайтындығын түсіндіремін. Сондықтан материалдық залалды Т.А. Халютинадан өндіріп алу мәселесі бойынша Сіз азаматтық сотқа тиісті талап-арыз беруге құқылысыз. Өтінішіңіз бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Сіз жоғары тұрған прокуратураға оған шағым беру арқылы наразылық білдірте аласыз. Облыс прокуроры Б. Таимбетов орынд. А. Кандержанов, тел.: 8(7232)264104
  • Сұрақ №: 30985
    Дата: 09.02.2017 19:02:48
    Аты-жөні: Майкенова Талшын
    Сұрақ:
    Сəлеметсізбе! Мекеме басшымыз өзінің жұбайын еден жуушы қылып жұмысқа қабылдаған. Қазіргі кезде жұбайы түске дейін жəй отырады, түстен кейін мүлдем келмейді. Ал оның жұмысын шаңды бізге сүрткізеді. Осы қаншалықты заңды? Мекеме Зайсан архиві. Рахмет.
    Жауап күні:
    22 ақпан, 2017 - 14:31
    Жауап:
    Т.С. Майкеноваға Зайсан қаласы, ШҚО Құрметті Талшын Сайранбекқызы! Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жеке блогынан келіп түскен еңбек шартындағы талаптардың сақталмауы барысында туындаған қайшылықтар туралы өтінішіңіз ШҚО облыс прокуратурасымен қаралды. 21 ақпанның 2017 жылы облыс прокуратурасына түсірген қарсы өтінішіңізді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 9 бабы және 14 бабының 7 тармағына сәйкес, Сіздің арызыңыз бойынша өндіріс қысқартылды. Облыс прокурорының орынбасары В. Шабер Қ. Матаев 24-54-82
  • Сұрақ №: 30468
    Дата: 24.01.2017 17:39:53
    Аты-жөні: Турысбеков Абзал
    Сұрақ:
    Кайырлы кун!Қүрметті, Ерсің Кадирулы мырза! Менің өтініш жазуыма себепкер болған 6 айдан бері жұмысқа кіре алмай жүрмін. Өйткені мен куәгер ретінде қылмыстық істің №10631103100898 компьютерде тіркелгем. Жүмысқа орналасайын десем мені күдікті ретінде шыға береді.Тергеуші Кошербаеваның берген анықтамасы көмегі болмады.Сондықтанда Ульбі аудандық полициясы жазбаша жазған өтінішімнен жауап болмаған кейін,сіздерден көмек сұраймын.мені компьютерден тіркеуден алып аныктама берсеніздер.жазбаша жауап кутем!рахмет.
    Жауап күні:
    9 ақпан, 2017 - 17:00
    Жауап:
    А.Д.Турысбековке Сіздің, №10631103100898 санды қылмыстық ісі бойынша Сізді күдікті деп тану жөніндегі мәліметті жою жөніндегі 26.01.2017 жылғы шағымыңыз қала прокуратурасымен қаралды. Түсіндіремін, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі №71 Бұйрығымен бекітілген «Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекіту туралы» Ережесіне сай, есептік мәліметтер соттылықтың жойылу немесе алыну мерзімдеріне қарамастан сақталады деп көсретілген. Сондықтан да, анықтамада тұлғамен жасалған қылмыс, соттылықтың жойылу немесе алыну мерзімдеріне қарамастан, тұлғаны айыпты деп тану мәліметі, сонымен қатар ақтамайтын негіздермен қылмыстық жауаптылықтан босату мен қылмыстық іс қоғаудан бас тарту жөніндегі мәліметтер көрсетіледі. Өскемен қаласының прокуроры Е.Шыныбаев орын. Д.Джансеитов 754207
  • Сұрақ №: 30253
    Дата: 17.01.2017 20:31:43
    Аты-жөні: Турысбеков Абзал
    Сұрақ:
    Добрый день!Я не могу устроится на работу государственный орган из за того что проходил по делу №10631103100898 как свидетель,но дело было не закрыто.Для того чтоб устроится нужно сказали удалить данные из базы, как решить мне этот вопрос кому обратиться? Спасибо!
    Жауап күні:
    30 қаңтар, 2017 - 15:48
    Жауап:
    Турысбекову А. Д. Ваше обращение от 18.01.2017 года об удалении сведений о признании Вас в качестве подозреваемого по уголовному делу №10631103100898 прокуратурой города рассмотрено. Разъясняю, что в соответствии с Правилами ведения и использования отдельных видов специальных учетов, утвержденного приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 10.07.2014 года № 71 в пофамильных картотеках Управления Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, учетные документы хранятся независимо от сроков погашения или снятия судимости. В этой связи, в справках указываются сведения о совершении лицом преступления, независимо от погашения и снятия судимости, включая информацию о привлечении лица в качестве обвиняемого, последующего освобождения его от уголовной ответственности и наказания, а также о принятии решения об отказе в возбуждении уголовного дела по нереабилитирующим основаниям. И.о. прокурора г.Усть-Каменогорск О.Глазунов исп.Джансеитов Д. 754207

Беттер

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.