You are here

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы әрекет ету бойынша шаралар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Шығыс Қазақстан облысында есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылатын болады. Облыс прокуратурасында өткен отырыста алқа мүшелері аталмыш санаттағы қылмыстырды анықтау және тергеу кезіндегі заңдылықты талдау нәтижелерін қараған кезде осындай шешімге келді. Прокурорлар біздің облыста есірткі ахуалының біршама өзгергенін атап өтті. Облыс аумағына аса қауіпті есірткі заттарының енуіне құқық қорғау органдары кедергі жасаған.  Соның нәтижесінде алынған героиннің көлемі 2012 жылы 10 килограмнан 2017 жылы 365 гр. дейін азайған. Сонымен қатар, қолжетімді есірткі түрлеріне сұраныс артқан. Бұл азық-түліктік көкнәрдан жасалатын сірінді апиын, жасанды заттардан дайындалатын жүйкеге әсер ететін есірткі заттектер, сондай-ақ, дәріханада сатылатын  дәрі-дәрмектер.

Отырыс барысында дәрі-дәрмектік нашақорлықтың алдын алу бойынша қабылданатын шараларға аса назар аударылды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексте қайталанған әкімшілік құқықбұзушылық кезінде фармацевтикалық қызметке құқық беретін лицензияны қайтарып алу жаза түрі жоқ екені анықталды. Прокурорлардың пікірінше, кәсіпкерлерді айыппұл тоқтатпайды (70 АЕК-тен 130 АЕК-ке дейін), себебі бұл сома нашақорларға есірткі дәрілерін сатудан алатын табыстан біршама аз. Осыған байланысты, Бас прокуратураға заңнаманы жетілдіру туралы тиісті ұсыныстар жолданды. 

Шығыс Қазақстан облысында өткен жылы есірткінің заңсыз айналымына байланысты 768 құқықбұзушылық тіркелген. Қылмыстық жауаптылыққа 535 тұлға тартылды.

Алқа отырысының соңында облыс прокуроры уәкілетті органдарға аталмыш құқықбұзушылықтардың және оның заңсыз айналымының алдын ал, осы санаттағы қылмыстық істерді жан-жақты, толық тергеу, сондай-ақ, жедел-іздестіру әрекеттері мен ведомстволық бақылауды күшейту жұмыстарын қайта қарауын тапсырды.

Топ жұмысының бастапқы қорытындылары осы жылдың қараша айының  басында тыңдалатын болады. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.