You are here

Әкімшілік өндіріс саласында қадағалау

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы өткен жылы соттармен қысқартылған әкішілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңдылықтың жай-күйін талдады. Оның қорытындылары ведомствоаралық кеңесте хабарланды.

Уәкілетті органдармен құқық бұзушылықтарды анықтау және құқық бұзушыларды әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша қабылданған шараларға жүргізген талдауы жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік процес шеңберіне заңсыз тарту фактілерін анықтады.

Барлығы 2017 жылы облыстың соттары 35 мың әкімшілік істерді қараған, 5 мыңнан астам іс өндіріспен қысқартылған. Сот тәжірибесін зерделеу барысында істер оқиғаның болмауы, құқық бұзушылық құрамының жоқтығына, ескіру мерзімінің өтуіне, әкімшілік жауаптылыққа бұрын тартылуына, тараптардың татуласуына байланысты қысқарталғанын көрсетті. 

Сонымен қатар, ақтау негіздерімен қысқартылған істердің саны бойынша ішкі істер органы бірінші орында (77%). Бұзушылықтардың негізгі себептері – полиция органдарының қатардағы құрамының қолданыстағы әкімшілік заңнама нормаларын білмеуі, бөлімшелер тарапынан сотқа жолданатын материалдарға әкімшілік тәжірибе жүзінде бақылау жоқтығы, хаттамаларды толтырған кезде лауазымды тұлғалар мен жедел басқару орталағының қызметкерлері арасында өзара іс-қимылдарының жоқтығы.

Бұдан да басқа, статистика көрсеткендей, ішкі істер органы жүйесі бойынша ескіру мерзімнің өтуіне байланысты 400-ден астам азамат әртүрлі әкімшілік жазалардан құтылды. Бұл сотпен қысқартылған істер санынан 97,2% құрайды.

Прокурорлар 2017 жылы әкімшілік істерді қысқарту фактілері бойынша 34 ықпал ету актілерін енгізген.

Отырыста аталып өткендей, соттармен шығарылған жеке қаулылар әкімшілік өндірісті негізсіз шығарумен күресте ешқандай нәтиже бермейді. Мысалы, 558 қаулы бойынша 176 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылған, қалған фактілер бойынша  органдар бұрын салынған жазалармен шектелген.

Өз кезегінде, соттармен ақтау негіздері бойынша шығарған сот актелірі аталған тұлғаларға сотқа залал өндіру туралы талап-тілекпен жүгінуге құқық береді. Сөйтіп, кейбір қызметкерлердің заң нормаларын білмеуі әкімшілік өндірісті негізсіз қозғап, мемлекеттік бюджеттің шығындалуына жол береді.

Осыған байланысты облыс прокурорының орынбасары прокурорларға әкімшілік өндірісті заңсыз қозғау және жауаптылыққа негізсіз тарту фактілері бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне және ШҚО МКД-не бұзушылықтарды жою, шараларды қабылдау және алдағы уақытта осы тектес бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде ұсыныс енгізуді, ал, прокуратура қызметкерлеріне қадағалауды күшейтіп, осы бағытта жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.