You are here

Көкпекті ауданының прокуратурасы судьялар және полиция қызметкерлерімен ынтымақтастық туралы меморандум жасады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура, полиция қызметкерлері және судьялар арасында «Қылмыстық процесті модернизациялау» жобасын жүзеге асыру шеңберінде үш тарапты меморандум жасалып, Көкпекті ауданы  прокурорының міндетін атқарушы Бауыржан Убинның бастамасымен дөңгелек үстел өткізу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – азаматтардың мүдделерінде қылмыстық сот өндірісін оңтайландыру және сапасын арттыру.

Талқылау барысында кездесуге қатысушылар сотқа істерді жобалық мерзімдерде жолдауының оң үрдісін атап өтті. 30 қазанға  дейін оның үлестік салмағы 68,4% құрады. Өндіріспен аяқталған 38 істің 16-сы сотқа оңтайландыру шеңберінде жолданды.  

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеудің өзекті мәселелері, атап айтқанда, есірткі заттардың айналымымен байланысты қылмыстық қылықтар туралы істер жөнінде мәселелер талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша аудан прокуратурасы, ІІБ және соттар арасында ынтымақтастық туралы меморандаум жасалды. Соттарда қылмыстық істерді қысқартылған мерзімдерде, яғни, 7-10 тәулік ішінде  қарау туралы келісімге қол жеткізілді.

«Осы меморандум сот тергеуінің созбалаңға салынуына жол бермей,  жеделдікті, қылмыстық процестің ашықтығын арттырып, қылмыстық процеске қатысушылардың заңды мүдделері мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді»,- деді кездесу соңында Көкпекті ауданы прокурорының міндетін атқарушы Бауыржан Убин.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.