You are here

Мақтан тұтарлық және үлгі аларлық ардагерлеміз бар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тұңғыш Президент Күніне және кәсіби мерекеге орай Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында қадағалау органы ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өтті. 

Іс-шараға 50-ден астам ардагер қатысты. Ұзақ жылдары олар прокуратура органдарында адал қызмет еткен. Олардың әрбіреуі облысымызда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға айтарлықтай үлес қосты.

Шақырылғандар алдында сөз сөйлеген облыс прокуроры Құсайын Игембаев ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың проуратура органдарында көптеген жылдар бойы сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық тіледі.

Өзінің құттықтау сөзінде облыс прокуроры сабақтастық идеясына  - ардагерлердің өз шеберлігін үйрететін жас буынмен өзара қарым-қатынастарының маңыздылығын атап өтті. «Жақында біз «Прокурорлық шеберлік Мектебін» аштық. Ардагерлер Кеңесі де оқыту процессіне белсенді қатысса екен дейіз. Сіздердің тәжірибелеріңіз мол, өмірлік ұстанымдарыңыз мықты. Сіздердің баға жетпес шеберліктеріңіз, ізгілік қағидаларыңыз, даналықтарыңыз, еңбектегі жетістіктеріңіз бүгінгі жастарға жаңа биіктіктерден көрінуге көмектеседі,- деді облыс прокуроры           

Бұдан да басқа, облыс прокурорының бірінші орынбасары Е.Мабиев және облыс прокурорының орынбасары Алан Тленчиев қадағалау органында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды. Олар электронды қылмыстық істер мен колониялардағы бизнес туралы баяндады.

Өз кезегінде, ардагерлер жастарға тілек айтып, прокуратура басшылығының «Прокурорлық шеберлік Мектебінде» сабақ беру ұсынысын қарастыратынын және оқу-әдістемелік құрал әзірлеуге көмектесетінін айтты. Салтанатты іс-шараның соңында шақырылған ардагерлерге дастархан жайылып, естелік сыйлықтар тапсырылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.