You are here

Риддер қаласында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Осы жылдың 15 сәуірінде сағат 21.00 шамасында Риддер қаласында (ШҚО) қала әкімінің орынбасары Б.Р. Құрманбаев «BMW Х5» автокөлігін басқарып келе жатып, жылдамдықты қадағаламай, жаяу жүргінші Е.В. Смольниковты қағып кеткен. Нәтижесінде азамат оқиға орнында көз жұмды.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктінің әрекеттері Қылмыстық қодекстің 345-бабы, 3-бөлігімен сараланған (жол қозғалысын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет). Б.Р. Құрманбаевқа қатысты кепіл беру құқығынсыз қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір ол Риддер қаласындағы ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Жол-көлік оқиғасы кезінде автокөліктің ішінде   Б.П. Құрманбаевпен бірге Өскемен қаласының әкімі Қ.М. Тумабаев болған.

Қылмыстық іс облыстың ІІД анықтау Басқармасының өндірісінде, іс бойынша процессуалды прокурор белгіленді.

19 сәуір күні Риддер қаласының прокуратурасына қайтыс болған     Е. Смольниковтың  әкесінен арыз түсті. Ол қайғылы оқиғаның себепкері Б.Р. Құрманбаевтың автокөлігін ұстау үшін уақытылы іс-шаралар «қабылданбады» деп Риддер қаласының ІІБ қызметкерлерін жауапқа тартуды сұрады.

Сол күні прокуратураға Риддер қаласының ІІД криминалды полиция бөлімінің бастығы өзіне қысым көрсеткені туралы айтып марқұмның әкесінің досы арызданған.

Осы фактілер бойынша облыстың ІІД-нің өзіндік қауіпсіздік Басқармасы Қылмыстық Кодекстің 370-бабы (қызметі бойынша әрекетсіздік) және 362-бабы, 4-бөлігі (күш көрсету қаупімен лауазымдық өкілеттіктерін асыра  пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Қылмыстық істердің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында, олар бойынша барлық кешенді тергеу-жедел іс-шаралары өткізілуде. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды.

         Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.