You are here

ШҚО прокуратурасы сотталғандар үшін бизнес-тренинг ұйымдастырды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде сотталғандар жеке кәсіпкерлікпен айналысуға үйренетін болады.  Іс-шараны прокуратура мен кәсіпкерлердің аумақтық Палатасы бірлесіп ұйымдастырды. Осы жұмыс Бас прокуратураның «Колонияларда бизнес-2017» жобасы шеңберінде жүргізілуде.

Жақында Жарма ауданында орналасқан ОВ 156/17 мекемесіндегі сотталғандар кәсіпкерлік дәрістердің тыңдаушылары атанды.

Колонияда бизнесті қалай ашуға болады? Бизнес-жоспар қалай құрастырылады? Пайда мен шығынды қалай есептеуге болады? Сотталғандардың осы және басқа да сұрақтарына бизнес-жаттықтырушы Талғат Қасенов жауап берді.

Сондай-ақ, сотталғандар әртүрлі өнімдердің бағасына және қажетті ақпаратты ғаламтор арқылы алу мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тренингтің пайдасы зор. Кейбір сотталғандардың бизнес-идеялары жемісті деп айтуға болады, оларды тек қана жүзеге асыру керек.

Атап өту қажет, бизнесті ашуға, жұмыс орындарын арттыруға және сотталғандарды жұмыспен қамтуға бағытталған осы тектес іс-шаралар облыстың барлық колонияларында  ай сайын жүргізілетін болады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.