You are here

ШҚО прокуратурасында мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау туралы баяндады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Осы жылдың тамызында ШҚО прокуратурасы мемлекеттік органдармен бірлесіп мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыс тобын құрды. Бүгін облыс прокуроры Құсайын Игембаевтың қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңес отырысында өткен 3 айдағы бірлесіп атқарылған жұмыстың алғашқы нәтижелері қорытындыланды.

Ерекше талаптары бар адамдардың негізгі проблемаларын белгілеп, мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын және шешілуі талап ететін мәселелерді талдады. Жұмыс тобы осы мерзім аралығында оңды нәтижелерге қол жеткізді.

Мысалы, коррекциялық оқытумен қамтылған балалардың саны артты (12,7 %). Қазіргі кезде облыстың 669 мектептерінде ерекше балаларды оқыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Қалалар мен аудандарда ресурстық орталықтар, әрбір мектепте - психологиялық-педагогикалық консилиумдар құрылды. 19 дефектолог ставкасы енгізілді, тағы 42 ставка қарастырылған. Жүз педагог біліктілігін арттырды, жылдың соңына дейін курстарға тағы да 200 педагог жіберілетін болады.   

Инклюзивтік білімді дамыту бойынша аумақтық жоба дайындалуда. Ол екі жылға қарастырылған. Оны жүзеге асыру үшін «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 1 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.

640 мүгедектің құқықтары қорғалды, 732 мүгедекке балдақ пен жүруге арналған арнайы құралдар берілді. Ыждахатсыз жеткізушілермен қаражатты үнемдеу және келісімшарттарды бұзу арқылы халықты еңбекпен қамту басқармасының 17,8 млн.теңге бөлуге мүмкіндігі пайда болды. Осы қаражатқа 95 жеңіл арба, көзі нашар көретін мүгедектерге 67 ұялы телефон, 540 балдақ және құрылысы күрделі арнайы құралдар сатып алынды. 

Мүгедектерді квоталармен жұмысқа орналастыру алгоритмі қолданыла басталды. 2 айдың ішінде 85 мүгедек жұмысқа қабылданды. Бұл жылдың басынан бастап еңбекпен қамтылған мүгедектердің тең жартысы деуге болады.

Бұдан да басқа, жұмыс тобы күрделі ота жасалған (аяғының ампутациясы, асқазанын, өкпесін алып тастау) 145 облыс тұрғынын анықтады. Алайда, оларға мүгедектік рәсімделмепті. Оларға мүгедектік рәсімделіп, прокуратура денсаулық сақтау Басқармасына осы бұзушылықтарды жою туралы қадағалау актісін енгізді.

Көзі мүкіс мүгедектердің куәліктерінде мүгедектік тобы көрсетілмегендіктен қоғамдық көлікте тегін жүргізбейтіні де анықталды. Қазіргі кезде осы мәселе жұмыс тобының бақылауында.

Мүгедектердің әлуметтік нысандарға кіре алуына жауапты мемлекеттік органдардың да жауаптылығы туралы ескертілді.  Қала және аудан әкімдері мүгедектерге бейімделген қолайлы көліктері бар автобус паркімен келісімшарт жасау үшін хат жолданды.

«Мүгедектерге деген көзқарас – қоғамның адамгершілігі мен ізгілігін бейнелейтін айна. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғауын жалғастыруымыз қажет. Осы жұмысқа бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін де тарту керек. Осындай отырыстарды тоқсан сайын жүргізуді ұсынамын», - деді облыс прокуроры Құсайын Игембаев.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.