You are here

ШҚО прокуратурасында пенитенциарлық саладағы өзекті мәселелер талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ШҚО прокуратурасында пенитенциарлық саладағы өзекті мәселелер талқыланды - 36220964

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында кеңейтілген алқа отырысы өтті. Онда бірқатар, атап айтқанда, сотталғандардың шартты мерзімнен бұрын босату институттарына қол жетімділік, тағайындалған жазаны жеңілірек жазаға ауыстыру, қауіптілігі барынша аз мекемеге ауыстыру, прокуратураның қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерімен өзара іс-қимылдар жасау, колонияларда білім алу кезіндегі заңдылықтың жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

Алқаның жұмысына облыс прокуроры, ҚАЖД басшылығы, білім беру мекемелерінің өкілдері мен қадағалау органының қызметкерлері қатысты.

Қылмыстық саясаттың басты өлшемінің бірі - түрмеде отырғандардың санын азайту болып табылады. 2017 жылы қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде облыстың колонияларында сотталғандардың саны 9,3% азайған. 2,5 мыңнан астам адам сот төрелігінің қол жетімділігін пайдаланды. Алайда, сотталғандардың талап-тілектерін қабылдау кезінде олардың құқықтарының бұзылуы, қауіптілігі барынша аз мекемелерге ауысу құқығы туралы хабарламалар түскенде талап-тілектер туралы хабарлау, материалдарды сотқа жолдаған кезде бұзушылықтарға жол берілген. Өткен жылы барлығы осы тектес 119 фактілер тіркелді.

Сондай-ақ, сотталғандардың орта, техникалық және кәсіби білім алу кезінде заңдылықтың сақталуына жүргізілген тексеру нәтижелері хабарланды.

Атап айтқанда, облыс аумағында түзеу мекемелерінде 14 мектеп пен колледждер жұмыс істейді. Тексеру барысында сотталғандардың білім беру мекемелеріне заңсыз қабылдануы, олардың сабақтарға қатыспауы және сабақтардың өткізілмейтіні, сондай-ақ, сотталғандар бір уақытта мектеп пен колледжде қатар оқығаны анықталды.

Осыған байланысты облыс прокуроры мекеме әкімшілігінің педагогтармен оқу процесінің мәселелері бойынша лайықты өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етіп, сотталғандардың сабақтарға қатысуын, оқу бөлмелерін лайықты жабдықталуын талап етті.

Отырыстың қорытындылары бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына барлық анықталған бұзушылықтарды жойып, тиісті шаралар қабылдауы тапсырылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.