You are here

Шығыс Қазақстан облысының процессуалдық прокуролары күрделі және шырмаланған істердің тергелуіне қатысады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Процессуалды прокурор» атты пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде процессуалдық прокурор ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстық істер бойынша тағайындалады. Ол сотқа дейінгі тергеудің басталуынан қадағалауды жүзеге асырып, сотта мемлекеттік айыпты қолдайды.

Процессуалды прокурор істің сотқа дейінгі тергеудің Бірыңғай тізіліміне тіркеу мезетінен бастап қылмыстық процестің жүргізілуін жеке басқарады, процессуалдық әрекеттерді санкциялау туралы тергеушінің жеке талап-тілектерін қарайды, осы талап-тілектерді тергеу судьялар алдында қолдайды. Тергеушіге нұсқаулар береді, айыптау актісін бекітеді немесе өзі құрастырады, сотта айыпты қолдап, соттың үкімімен келіспесе, талап-тілек білдіреді.

Жобаның жүзеге асырылуынан бастап, процессуалдық прокурорлар 150 жаңа акт құрастырды, 11 актінің саралануы өзгертілді,  139 акті елеулі түрде оңайлатылды. Қаізргі кезде 722 іс бойынша процессуалдық прокурорлар  тағайындалды, 420 іс сотқа жолданды.

Атап айтқанда, процессуалды прокурорлар күрделі және шиеленіскен істерді түпкілікті шешуге көмектескені жөнінде үлгілер аз емес.  

Мысалы, Семей қаласында бірге арақ ішкен ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, 33 жасар әйел күйеуінің ішіне, арқасына және иығына пышақ салған. Алынған жарақаттардан ер адам көз жұмды. Алғашында, әйел кінәсін мойындамай, өзінің ағасына жала жапқан. Тек сот отырысында әйел кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Сот әйелді 8 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге соттады.

Келесі іс бойынша процессуалдық прокурор  күдіктілерден қосымша жауап алу кезінде жауаптылыққа тартылған үшеуінен басқа, төртінші күдікті бар екенін анықтады. Ол қылмыстың куәсі ретінде танылған болатын. Нәтижесінде, сот төртеуін де соттады.  

Бүгінде, процессуалдық прокурорлардың қадағалау қызметі белгілі деңгейде қылмыстық істерді тергеу кезінде бұзушылықтарды азайтуға, сотқа дейінгі тергеу сапасына және тергеу әрекетерін уақтылы жүргізуіне оңды ықпал етті деп айтуға болады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.