You are here

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы спорт жарыстарын ұйымдастырды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы спорт жарыстарын ұйымдастырды - 1788814134

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы өз қызметкерлері арасында кең көлемді спорт жарыстарын ұйымдастырды. Іс-шара прокуратура органдарының құрылу Күніне арналды.

Сондай-ақ, спартакиада салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды дамыту, прокурорлар арасында сабақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.

Жарысқа облыс аппаратының, әскери және көлік, Өскемен қаласы прокуратураларының, құқықтық статистика және арнайы есеп Комитеті басқармасының командалары қатысты.

Жарыс дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Спортшылар спорттың бірнеше түрінен: волейболдан, шағын футболдан, арқан тарту, шахмат пен гір спортынан.

Спорт жарыстары өте қызықты және есте қаларлықтай өтті. Бір де бір команда күрессіз берілгісі келмей, қадағалау органының әрбір қызметкері өзінің жігерімен және қажырлығымен спорт ұжымын жеңіске жақындатуға талпынды.

Нәтижесінде жалпы командалдық есепте орындар келесідей бөлінді: бірінші орынға облыс аппаратының құрама командасы ие болды, екінші орынды арнайы есеп және құқықтық статистика Басқармасының құрама командасы алды, үшінші орынды Өскемен қ. прокуратурасының құрама командасы иеленді.

Қатысушылар спорт жарыстары командалық рухты көтеріп, өз күштерін сынап, мінезді шыңдайтынын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.