You are here

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында кәсіби мерекеге арналған салттанатты жиналыс өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында кәсіби мерекеге арналған салттанатты жиналыс өтті - 921742702

Облыс прокуратурасында кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс өтті. Қадағалау органының қызметкерлеріне медальдар мен құрмет грамоталары тапсырылды

Салтанатты жиналысқа облыс аппаратының, қала және аудан прокуратураларының қызметкерлері мен қадағалау органының ардагерлері қатысты. Мерекені облыс прокуроры Құсайын Игембаев құттықтау сөзімен бастады.

- 2017 жыл біздің жүйе үшін ерекше маңызды болды. 10 наурызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 83 бабына өзгерістер енгізілді, ал, 30 маусымда «Прокуратура туралы» жаңа Заң қабылданды. Қадағалау шектері, жауаптылық аумақтары мен регламент белгіленіп, нақты міндеттер қойылды. Қазіргі кезде біз облысымызда қылмыстық процесте пилоттық жобаларды пәрменді жүзеге асырудамыз. Республика бойынша бірінші болып экономикалық тергеу қызметімен бірлесіп, сотқа электронды қылмыстық істі жолдадық. Қазіргі кезде 44 іс электрондық нысанда тергелуде. Дәйекті түрде жүйелі бұзушылықтарды жойып, «Қылмыстық процессті оңалту» жобасы бойынша істерді сотқа жолдау көрсеткішін орындадық, процессуалдық прокурордың рөлін күшейттік. ЕТМ жүйесі бойынша сотталғандардың 75% жұмыспен қамтыдылды. Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында елеулі мәселелерді белгіледік – мүгедектердің құқықтарын қорғау, әкімшілік құқық бұзушылықтар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бұзушылықтар, жер қойнауы, жолдар.  – Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Барлықтарыңызға жұмыста табыс, кәсіби жетістіктерге жетулеріңізді және обтасылық береке тілеймін.

Құттықтау сөзінен кейін облыс прокуратурасының басшылығы қызметкерлерге Бас прокуратураның атынан медальдар мен грамоталарды тапсырды. Іс-шара қадағалау органы қызметкерлері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.