You are here

Табиғат қорғау заңнамасының орындалуы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ерекше назарында

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Онда атмосфералық ауаны қорғау саласында заңдылықты талдау нәтижелері мен уәкілетті органдардың осы бағыттағы жұмысы талқыланды.

Аталған талдау мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау жұмысының тиімсіздігін, жауапты ұйымдардың арасында өзара іс-қимылдардың жоқтығын, сондай-ақ, табиғат қорғау шаралары мен тексерулердің үстірт өткізілетінін көрсетті. 

Облыста 600 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс жасайды, түрлі-түсті металлургия, энергетика, тау-кен өнеркәсібі дамыған. Ең көп лас заттектердің көлемі Өскемен қаласына келеді. Тек қана 2017 жылы қолайсыз метеожағдайлар облыс орталығында тұтас алғанда, 84 күн болған. Атмосфераға шығарылған лас тастандылардың көлемі 51,1 тонна құраған. Олардың негізгі көзі өнеркәсіптік, жылу электр кәсіпорындары, автокөліктер пен қазандықтар.

Соңғы 5 жылда тастандылардың көлемі статистикаға сәйкес, жоспарлы түрде төмендегеніне қарамастан, ауа мониторингі атмосфера сапасының нашарлағанын көрсетеді. Мысалы, 2017 жылы ластану индексі 2016 жылмен салыстырғанда 1,6 есе артқан. Тіркелген өнеркәсіптік тастандылардың 70% екі ірі кәсіпорын - (әсіресе кәсіпорындардан түсетін) -  «Казцинк» ЖШС мен «АЭС УК ТЭЦ» ЖШС-нің үлесіне келеді.   

Тұрақты байқаулар мен ауаның сынақтарын алушы «Казгидромет» РМК  2017 жылы өте жоғары және қауіпті ауа ластануының 435 оқиғасын тіркеп, бұл туралы ол экология департаментіне хабарлаған. Алайда, оның нәтижесі әлсіз жұмыс пен төмен камералды бақылауын көрсеткен. Департаментпен ластау көздері анықталмаған, жауаптылыққа ешкім тартылмаған, және олардың анықтаған деректері біркелкі және экологиялық ахуалдың әрі қарай жақсаруына ықпал етпеген.

Облыс мәслихаты 2014 жылы әзірлеп бекіткен қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру барысын тексерген кезде де бұзушылықтар анықталды. Бұл бағдарлама 2025 жылға дейін қарастырылған. Алайда, Жоспардың орындалуын ешкім бақыламайды, белгілі тармақтардың жүзеге асыру мерзімдері өтіп кеткен, бірақ, ешқандай тиімді шаралар қабылданбаған.

Қалыптасқан ахуалды түзеу үшін облыс прокуратурасы аталған салада тексеру жүргізіп, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыным жасамақ. 

Уәкілетті органдарға табиғат қорғау шараларын жетілдіру бойынша кешенді шараларды қабылдап, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерін ұлғайтып, оларды қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестендіру ұсынылды. Бұдан да басқа, мемлекеттік экологиялық бақылау тиімділігін арттырып, мониторинг желісін кеңейтіп, олардың автоматтандыруын қамтамасыз ету ұсынылды. Жұмыстың қорытындылары шілде айының басында өтетін кезекті алқа отырысында тыңдалатын болады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.