You are here

Ұлан ауданының прокуратурасы 18 кәсіпкердің құқықтарын қорғады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұлан ауданының прокуратурасы ауыл округтерінің әкімдіктерінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік мүлік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды қолдану заңдылығына тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде ауылдық округтердің әкімдері білім беру ұйымдарында асханалардың жалға беру ақысын заңсыз арттырып, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарына нұқсан келтіргені анықталды.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурызындағы № 212 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы Ережесінің 53 бөлігіне сәйкес,   мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу осы қағидалардың 3-ші қосымшасына сәйкес. тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушы қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін, қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде жүзеге асырылады.

2017 жылдың 6 қаңтарында Қасым Қайсенов кентінің әкімі «Марсеков атындағы орта мектебі» КММ-нің, алаңы 134,1 ш/м құрайтын асханасын ай сайынғы 34 611 теңге төлемімен жалға беру туралы жеке кәсіпкер Б. Жексенбиновқа жалға беру шартын жасаған. Сонымен қатар, жалға берушімен келісімшарт жасалған уақытта жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициенті 1,3  болып белгіленген, ал шын мәнінде оқу орындарында (орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және спорт мектептерінде) қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру (асхана, буфет) үшін белгіленетін коэффициент 0,5 болып белгіленуі тиіс, Нәтижесінде, жалға алу бағасы 13 311 теңгені құрап, ақысы 21 300 теңгеге дейін артқан.  Жеке кәсіпкер Б. Жексенбинов 1 жыл көлемінде жалпы сомасы 255 600 теңге көлемінде зардап шегуі мүмкін еді. Осы тектес заң бұзушылықтарға Огневка кентінің және Қасым Қайсенов кентінің әкімдері жол берген.  

Сонымен қатар кейбір ауылдық әкімдері келісімшарт жасау барысында аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициенттерді заңсыз қолданған. Осы тектес бұзушылықтарға Азов, Бозанбай, Өскемен, Саратов, Егінсу, Тарғын ауылдық округтерінің әкімдері де жол берген. Нәтижесінде, 18 кәсіпкердің заңды мүдделері мен құқықтары бұзылған.

Тексеру нәтижелері бойынша Ұлан ауданының прокуратурасы  аудан әкімінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. 18 кәсіпкермен қосымша келісім жасалып, жалға беру бағасы қайта есептелді.  

Ұлан ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.