You are here

Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Игембаев Құсайын Абзалбекұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Игембаев Құсайын Абзалбекұлы

Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Игембаев Құсайын Абзалбекұлы

Игембаев Құсайын Абзалбекұлы 1962 жылдың 12 сәуірінде Карағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келді.

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1983 жылы бұрынғы Жезқазған облысының прокуратура органдарында  бастап, 1987 жылдың желтоқсанына дейін Жезқазған қаласының прокуратурасында  және Жаңаарқа ауданының прокуратурасында тергеуші болып қызмет атқарды. 1988 жылдың қыркүйегіне дейін Жезқазған облысы прокуратурасында тергеушінің м.а. қызметін атқарды.

1988 ж. - 1992 ж. аралығында Балқаш қаласы прокуратурасының аға тергеушісі;

1992 ж. Балқаш аудандық сотының судьясы болып тағайындалған, кейіннен Балқаш табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі;

1993 ж. - 1998 ж. аралығында Балқаш қаласы прокурорының орынбасары, кейіннен Қарағанды облысы прокуратурасының бөлім бастығы қызметіне ауысты.

1998 ж. - 2001 ж. аралығында Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының прокуроры; 

2001 ж. - 2002 ж. – Қарағанды облысының Бұқар-Жырау ауданының прокуроры;

2002 ж. - 2006 ж. – Теміртау қаласының прокуроры;

2006 ж. - 2008 ж. – Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары;

2008 жылдың ақпанынан бастап ҚР Бас әскери прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы, кейіннен, ҚР Бас әскери прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2015 ж. ҚР Бас прокуратураның қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығы, ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығы қызметін атқарды.

2017 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.  

3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.