You are here

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қоры» АҚ-ның Шығыс Қазақстан филиалының қызметін тексеру нәтижелері туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА   «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қоры» АҚ-ның  Шығыс Қазақстан филиалының қызметін тексеру нәтижелері туралы  - 1098229216

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қоры» АҚ-ның 1 млрд. теңгеден астам бюджеттік қаражатын облыстың тұрғындарына заңсыз бөлген қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты тергеуді бастады. Олар ондаған адамдарға жалған несие рәсімдеген. Қаражаттың басым бөлігін ұйымның бұрынғы қызметкерлері ұрлаған.

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау Қоры» АҚ-ның  ауыл тұрғындарына, ауыл шаруашылығын өндірушілерге және шағын несиелік ұйымдарға жеңілдікпен жұмыстың әртүрлі 19 бағыты бойынша қарыз береді. Қордың жергілікті филиалына 2007-2016 жылдары бюджеттен 9,3 млрд. теңге несие берілді, несиені 5,5 мың адам алған. Несиелеу бағдарламасы Республика Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленіп, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған. Алайда, ШҚО прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижелері бойынша ыждахатсыз орындаушылардың кінәсінен ақшалай қаражатты адресаттар алмағаны анықталды. Прокуратура облыста мал шаруашылығын дамуына талдау жүргізіп, көптеген аудандарда мал санының көбеймегенін, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы азаймағанын, несиелеу бағдарламасының мақсатына жетпегінін анықтады. Нәтижесінде, қор филиалының жұмысына көлемді тексеру жүргізілді.

Ұйымның қызметінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Мысалы, несиелер қор қызметкерлерінің таныстары мен туыстарына, барлығы, 10 миллион теңгеден астам 17 несие берілген. Атап өту қажет, барлық жағдайларда, есептелген үстемақы сомасын компанияның қызметкерлері заңсыз төмендеткен. Филиал мақсатты несиелерді өздерінің қызметкерлеріне де берген. Несиелер бөлінген кезде қарыз мақсаттары мен келісімшарт міндеттерін орындау мерзімдері назарға алынбаған. Сондай-ақ, қарыздар несиелерін кешіктіреп төлеген және мүлкінің кепілі күдікті азаматтарға да берілген, ал, оңды қаржылық тарихы және жеткілікті кепілдік базасы бар фирмаларға несие берілмеген.

Тексеру барысында анықталған ең елеулі бұзушылық – Қордың қызметкерлері тарапынан жалған тұлғаларға несие рәсімдеу арқылы бюджеттік қаражатты ұрлау болып табылады.

Алдын ала мәліметтер бойынша бірнеше жыл бойы облыстың әртүрлі тұлғаларына жалған несиелер рәсімделген. Қылмыстық топтың мүшелері  өздерінің әрекеттерін алдын ала ұйымдастырған: біреулері «несие алушыларды» іздеген, тағы біреулері несиелерді рәсімдеген, басқалар алынған қаражатты шығару мәселесімен айналысқан.

Көбінесе, несиелер тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға, бұрын сотты болғандарға, қабілетсіз адамдарға рәсімделген.  Тексеру органдарын қасақана адастыру мақсатында қылмыстық топтың мүшелері Абай ауданында бизнесті дамыту үшін Жарма ауданының тұрғынына несие рәсімдеген. Кейіннен қарыз бойынша берешектерді өндіру ұзаққа созылған, себебі, қағазда көрсетілген қаражат алушыларды іздеп табу қиынға соққан. Қылмыстық топ  сегіз жыл бойы әрекет еткен. Топтың мүшелері бюджеттік қаражатты әрі қарай ұрлауын жалғастыру үшін несиелік жүйені ұзартып, қарызды өтеу мерзімдерін шегеріп отырған. Өздерінің қарыз алғанын білмейтін азаматтарға қор сотқа олардан қаражатты өндіру  туралы жаппай талап-арыздарды берген.  Жүргізілген тексеру және мұқият талдау жұмыстары нәтижесінде ШҚО прокуратурасы қылмыстық топты әшкереледі.  Тергеу 2 миллиард теңгеден астам несие алған 750 тұлғалардан жауап алуы тиіс. Алдын ала мәліметтер бойынша осы соманың 1 млрд. теңгесі заңсыз, жалған қарыздар бойынша берілген, қаражаттың қалған бөлігі ұрланған.

Қазіргі кезде Қор филиалының қаражатын ұрлау фактісі бойынша  ҚР ҚК-нің 177 бабымен, («Алаяқтық») жөнінде сотқа дейінгі тергеу басталды. (Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы редакциясында). Тергеуді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізуде.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.