You are here

Баспасөз-хабарлама (облыс прокуратурасының алқа отырысы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Прокуратура органы жүргізген талдау барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жауаптылыққа тартылғандардың саны бойынша Астана мен Алматы қалаларынан кейін үшінші орында екенін анықтады.   

Алқа отырысында соңғы жылдары облысымызда осындай бұзушылықтардың өсуінің бірқатар себептері туралы айтылды. 

Талдау барысында ШҚО прокуратурасы тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтардың санының өсуін атап өтті. Шығыс Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Астана және Алматы қалаларынан кейін үшінші орында.

Соңғы бес жылда 1 626 381 тұлға жасаған  1 751 636 құқық бұзушылық тіркелген - бұл көрсеткіш ШҚО тұрғындарының санынан асқан. Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысының әрбір үшінші тұрғыны әкімшілік жауаптылыққа тартылады екен.

Бизнеске келетін болсақ, әрбір төртінші кәсіпкер жауаптылыққа тартылған.

Мысалы, 2016 жылы 351 957 тұлға әкімшілік құқықбұзушы болып танылған. 2012 жылға қарағанда, құқық бұзушылықтардың саны 20%  өскен. Тек қана лауазымды тұлғалар мен кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың көрсеткіші тиісінше 99% және 21% есе төмендеген.

Соңғы 5 жылда әкімшілік құқықтық жауаптылыққа тартылған 1,6 млн. тұлғалардың 83% ішкі істер органдарының қызметкерлері, бұл 1,3 млн.адам. Кейбіреулері бірнеше рет қамауға алынып, айыппұл төлегені сөзсіз. 

Анықталғаны,  ІІД жүйесі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың жалпы саны 63% құраған, яғни, 863 мың тұлға жол қозғалысының ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарртылған. Полиция қызметкерлері Әкімшілік Кодекстің ең «әйгілі» баптарын қолданып, жүргізушілерге айыппұл салады.  

ШҚО тұрғындарына көлік құралын басқарған кезде ұялы телефонмен сөйлескені, жол белгілерімен қарастырылған талаптарды сақтамағаны, көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны, бағдаршамның тыйым салынған белігісінен немесе реттеушінің қимылына қарамай өткені және т.б. құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салынған. Осы тектес бұзушылықтардың саны соңғы 5 жылда  әкімшілік Кодекстің әртүрлі баптары бойынша 240% пайыз құраған.

Талдау нәтижелерінен құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтардың бір түрлерімен ғана «жоспарлы» көрсеткіштерді  қорытындылайды, басқа құқық салаларын ескермей, өз жұмысының тиімділігін жалғандайтыны көрінеді. 

Анықталған құқықбұзушылықтар санының өсуі тіркеліп, тек эүргізілген профилактикалық шаралар туралы баяндалады.   

Сонымен қатар, әкімшілік айыппұл ең таралған жаза болып табылады, және әкімшілік ықпал ету шараларының санынан 83% пайыз құрайды: ескерту – 11%, әкімшілік қамауға алу – 3%, арнайы құқықтан айыру – 1%, басқа да қосымша жазалардың түрлері– 2%.

Талдау нәтижелері бойынша ішкі істер органдарының қызметі құқық бұзушылықтардың профилактикасымен емес, керісінше, оларды анықтаумен шектеледі.

Облыс прокуратурасы  жазалау әрекеттерін жеңілдету үшін және құқық түсіндіру мақсатында «Құқықтық сана – қоғам мәдениетінің көрсеткіші» жобасын әзірлеуде. Кешенді шаралар әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасалуының жүйелі себептерін анықтауға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, мемлекеттік органдардың жұмысына көзқарас мен принциптерін өзгертуге  бағытталған. Ішкі істер органдарында жергілікті атқарушы органдардың пәрменді қатысуымен пробация өткізу ұсынылды.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.