You are here

Баспасөз-хабарлама (облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

 

Облыс прокуратурасы өткен жылы және осы жылдың 1-ші жартыжылдығында мүгедектердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізді. Қадағалау органы қолданыстағы заң талаптарының бірқатар бұзушылықтарын анықтады. 

 

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны жылдан жылға артуда. 2016 жылдың мәліметтері бойынша облыста мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны 58 682 болған (2014 жылы - 55 540). Яғни, облыстың әрбір 23-ші тұрғынының  мүгедектігі бар.

Қан және қан айналымы органдары (100%), эндокринді (43%), психикалық (41%) аурулар бойынша бастапқы мүгедектік санының өсуі байқалған.  

2016 жылы бастапқы мүгедектік көрсеткіші Абай, Үржар, Күршім, Бесқарағай, Бородулиха аудандарына тіркелді.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау Басқармасы мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу себептеріне талдау жүргізбейді. Осыған  байланысты, мүгедектікке әкеп соғатын аурулар санының елеулі жоғарылғаны байқалады.

Мысалы, Абай ауданында экологияның қолайсыздығына байланысты ұзақ жылдары науқастанған және тек 2016 жылы ғана тексеріліп, 1 топтағы мүгедектік берілген азаматтар анықталған. Осымен қатар, Абай ауданының елді мекендері 1992 жылдан бастап барынша радиациялық тәуекелі жоғары аумаққа жатқызылған. Яғни, осындай тексерулер тұрақты жүргізілуі тиіс болған.  

Аумақта мүгедектердің медициналық оңалту деңгейі де жеткіліксіз. Ал, уәкілетті органдардың мәліметтеріне сәйкес, мүгедектерді жеке оңалту бөлігінде медициналық көмек беру көрсеткіші 98% құрайды.

 Прокуратура іріктеп тексеру жүргізген кезде денсаулық сақтау мекемелері 5 мүгедекке қатысты медициналық оңалту шараларын жүргізбегені анықталды. Яғни, салалық ведомстволардың мәліметтері шындыққа сай емес екенін көрсетеді.  

Ең көп таралған проблема – қоғамдық көлікте және мемлекеттік мекемелерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған инфрақұрылымның жоқтығы.    

Уәкілетті органның деректері бойынша мүгедектер үшін 2 284 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы бейімделген. Сонымен қатар, Өскемен қаласының Қазақстан көшесінде орналасқан бірқатар коммерциялық нысандарын іріктеп тексеру кезінде көптеген дүкендер мен асханалар мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделмегенін көрсетті.

Уәкілетті органдардың мәліметтері бойынша 105 қалааралық  автобустардың 59 ғана мүгедектер үшін жабдықталған.

Сонымен қатар, Өскемен құрылыс бөлімінің мәліметтері бойынша облыс орталығында соңғы кезде салынған 7 тұрғын үйде мүгедектер үшін арнайы инфрақұрылым қарастырылмаған.

Облыс аумғанының халыққа қызмет көрсету Орталықтарында  сурдоаударма дағдысын меңгерген мамандар жоқ. Осындай проблема Өскемен қ. №1, Аягөз, Зайсан, Үржар аудандарының ХҚҚО-да анықталды.   

Сондай-ақ, тексеру нәтижесінде мүгедек балалардың құқықтарының бұзылғаны анықталды. Қазіргі кезде аумақта 15 208 мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Соңғы 3 жылда осындай балалардың саны 33,8 % артқан. Әсіресе, психикалық дамуы тежелген жасөспірімдердің саны 1 762 немесе 35,1 % көбейген.

Прокуратура бір де бір уәкілетті органдардың осы қауіпті статистиканың себептерін анықтамайтынын анықтады. Сондай-ақ, бірқатар мүгедек балалар арнайы инклюзивті білім жүйесі бойынша оқытылмайтыны анықталды.

659 мектептің тек 486-да мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына ішінара жағдайлар жасалған, ал, мүгедек балалардың келіп оқуына тек бір мектеп қана бейімделген (Өскемен қ. №15 орта мектебі).

Мүгедектерді жұмыспен қамту мәселелері де елеулі проблема болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмысқа орналастыруға ынтасыз, қандай да бір кәсіпорында квота болса да, жұмыс орындары болмайды. Мысалы, егер 2014 жылы  жұмыс істеуге ниет білдірген мүгедектердің 83% жұмыспен қамтылса, 2015 жылы 77 %, ал, 2016 жылы небәрі  64% жұмыспен қамтылған.

Бұдан да басқа, уәкілетті органдар жұмысқа орналасқан мүгедектердің әрі қарай еңбек ету жағдайларын бақыламайды. Облыс аумағында әлеуметтік қамту бөлімдері  мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша шараларды жүргізбейді.

Облыс прокуратурасы жүргізілген талдау нәтижелері бойынша  құзырлы органдарға мүгедектердің проблемаларын шешу үшін жұмыс топтарын құру және мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын бұлжытпай сақтауын ұсынды. 

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.