You are here

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА Облыс прокуроры Шешек тауында өлтірілген адамдардың туыстарымен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

5 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының прокуроры және ШҚО ІІД бастығы Шешек тауында өлтірілген ер адамдардың  туыстарымен кездесті

ШҚО прокуроры Бағбан Таимбетов және ШҚО ІІД бастығы Жанарбек Бақтыбаев қайтыс болған ер адамдардың туыстарымен және адвокатымен жеке кездесіп, олардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Облыс прокуроры және ішкі істер Департаментінің басшысы құрбандардың туыстарына кең қоғамдық резонанс тудырған іс прокуратура мен ІІД ерекше бақылауында болатынын айтты.

- Қанды оқиға орын алды, істің негізгі фигуранттары  - құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, тергеу фактілерін жасырмаймыз. Арнайы прокурордың басшылығымен тергеу-жедел тобы құрылды. Барлық күдіктілер ұсталды, ешкім жазадан кетпейді. Қазіргі кезде барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, қару алынды. Тергеу барысын ШҚОІІД және жекеөзім бақылауға алдым, кінәлілер қатаң жауаптылыққа тартылады, -деді облыс прокуроры.

Бағбан Таимбетович және Жанарбек Телюбекович қайтыс болғандардың туыстарына жүргізілетін тергеу шараларының мәселелері бойынша кез келген сұрақпен облыс прокуратурасы пен ішкі істер Департаментіне арыздана алатынын айтты.

Кездесу соңында қайтыс болғандардың туыстарына  қылмыстық-процессуалдық кодексі талаптарының шеңберінде белсенді қатысуын ұсыныды.  

Қайтыс болғандардың туыстары мен олардың адвокаты  кездесу үшін алғыстарын білдірді.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы және ШҚО ІІД 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.