You are here

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА (ведомствоаралық жедел кеңес отырысын өткізу туралы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы аумақта қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау және өңдеуіне байланысты  бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Негізгі мәселелер ведомствоаралық жедел кеңес отырысында талқыланды.

  

Қадағалау органы Шығыс Қазақстан облысының аумағында экологияның нашарлау себептерін зерделеп, кәсіпорындардан басқа, қоршаған ортаға қатты тұрмыстық қалдықтарының лайықты сақталмауы кері  әсерін тигізеді деген қорытындыға келді.

Шығыс Қазақстан облысында жинақталған қоқыстардың жалпы көлемі 9 млн. тонна құрайды, жыл сайын 150-200 мың тонна қоқыс жинақталады. Талдау нәтижелері бойынша соңғы жылдары қалдықтарды қайта өңдеу үшін сұрыпталмағаны анықталды. Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 25 полигон, сондай-ақ, 257 ауылдық қоқыс үйінділері бар.

Ауылдардағы қалдықтар қоқыс үйінділеріне тасталады. оларды көму технологиялары сақталмайды. Жергілікті атқарушы органдар осындай үйінділерді жабдықтау үшін шараларды қабылдамайды. 

Аумақта қатты тұрмыстық қалдықтар орналастырылатын 282 жердің тек 25-де ғана (8 %) барлық құжаттары, яғни, эмиссияға рұқсат, мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылары бар. 257 ауылдық қоқыс үйінділері заң тұрғысында рәсімделмеген, олардың орналасуы мен жабдықталуы жобасыз жүзеге асырылған және қоршаған ортаға әсер ету бағасы берілмеген.

Сонымен қатар, полигондар экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейді. Ағынды суларды жинақтау және тазарту жүйелері мен оқшаулау жабындылары жоқ. Нәтижесінде, қалдықтар ыдырыған кезде бөлінетін зиянды заттар, ауыр металлдар, химиялық қосындылар мен сынап топыраққа және жер асты суларына еніп кетеді.

Заң талаптары бұзылып, қатты тұрмыс қалдықтары орналастырылған полигондарда батарейкалардың қауіпті құрамдас бөліктері, лампалар, дәрі-дәрмектер, бояулар, құрамында сынабы бар заттектер, шиналар және басқа да қауіпті заттар сақталады. Осындай заттар үшін көму әдістері қолданылмайды.

Облыстың барлық аудандарында қатты тұрмыстық  қалдықтардың бей-берекет үйінділері бар, бұл, жергілікті атқарушы органдардың лайықсыз жұмысын көрсетеді. Мысалы, Өскемен қалалық әкімдіктің мәліметтері бойынша қаланың тұрғындарының 70% қоқысты шығаратын арнайы ұйымдардың қызметін пайдаланады. Яғни, қалған 30% (96 мыңнан астам тұрғын) бей-берекет үйінділерді пайдаланады. Тек 2016 жылы осындай үйінділерді жою үшін қала бюджетінен 6,6 млн. теңге бөлінген.  Алайда, қала тұрғындары қоқысты арнайы жабдықталмаған жерлерге лақтыруда.

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осындай адамдар ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауаптылықты тартылуы тиіс. Бірақ та, олар тек құқық бұзып жатқан жағдайда ғана жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Ал, әкімшілік полиция қызметінің жұмысы жеткіліксіз. Мысалы, 2016 жылы облыстың ішкі істер органдары өткен жылы осындай 322 620 әкімшілік іс қозғаған. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтардың 70% (немесе 226 411 факті) жол жүру саласында жасалады. Ұсақ бұзақылық үлесі тек 2,9% (немесе 9410) құрайды (қоғамдық орындарды, бақтар мен скверлерді ластау, коммуналдық қалдықтарды жабдықталмаған жерлерге лақтыру және т.б.).

Айта кету керек, елімізде қоқысты бөліп жинақтау мәдениеті қалыптаспаған. Облыста коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласы дамымаған. Негізгі мәселелердің бірі – облыста қоқысты өңдейтін зауыттардың жоқтығы. Осындай кәсіпорынның құрылысы қоқысты қайталап пайдалануға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Ұзақ уақыт бойы қоқысқа арналған контейнерлер орналасқан үйлердің маңындағы аумақтардың мәселелері шешілмеген. Атап айтқанда, Өскемен қаласында иесіз жатқан 541 алаңша бар. Яғни, олар орналасқан жерлері ПИК-те рәсімделмеген, арнайы кәсіпорындардың балансына есепке алынбаған. Сол себептен көптеген мәселелер туындайды. Өткен қыста қардың мол жауғаны және қарды шығармау себептеріне байланысты көптеген аулалар қоқыс үйінділеріне айналған.

Қаізргі кезде аумақта қоқысты сақтау және кәдеге жарату мәселелесі өзекті болуда. ШҚО бойынша экология және қоғамдық денсаулықты қорғау Департаменттері оларды шешуден бас тартқан. Осы мәселе бойынша аталған органдар жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарымен қоршаған ортаны сақтау саласында өзара бірлескен жұмыс жасамайды.   

ШҚО прокуратурасы жақын арада қатты тұрмыстық қалдықтардың сақталуы және өңдеуімен байланысты заң бұзушылықтар жойылуы тиіс деп есептейді. Жергілікті атқарушы органдарға осы мәселелерді шешу үшін кешенді жоспар құру ұсынылды.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.