You are here

«Берекелі отбасы - бақытты балалық шақ» жобасын жүзеге асыру туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Берекелі отбасы - бақытты балалық шақ» жобасын жүзеге асыру туралы - 1107016896

 

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен Катон-Қарағай ауданында «Жүрек жылуы» («Тепло сердца») қайырымдылық акциясы өтті. Жергілікті тектептің оқушылары қолдан бұйымдар жасап, олард ытекпе жәрмеңкесінде сатып, ақшасын мүгедек балалары бар отбасыларға берді.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Бас прокуратураның «Балаларды бірге қорғаймыз!» жобасы шеңберінде облыс әкімдігімен бірлесіп «Берекелі отбасы – бақытты балалық шақ» акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты - жағдайлары нашар отбасылардағы кәмелетке толмаған балаларға, қиын өмірлік жағдайларға тап болған балаларға жан-жақты көмек көрсету.
Жобаның шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы тек балаларға ғана емес, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың мүшелеріне де көмек көрсетуге тырысады. Прокуратура әр отбасының жағдайын талдап, отбасының қайсысына материалдық көмек, балаларға психологтың көмегі, олардың ата-аналарын жұмысқа орналастыру керектігін анықтады. Жылдың басынан бастап, прокуратура жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, 21 отбасында тәрбиеленіп жатқан 250 балаға көмектесті.
Катон-Қарағай ауданы прокуратурасының қолдауымен мектеп жәрмеңкесі және мұқтаж адамдарға өзара көмек көрсету мақсатында қадағалау органының өкілдері аудандық білім беру бөлімімен жергілікті мектептерде «Жүрек жылуы» акциясын өткізді. Атап айтқанда, оқушылар бір апта бойы еңбек сабағында қолдан бұйымдар жасады. Кейіннен суреттер, ағаш мүсіндер және балалар жасаған басқа да бұйымдар арнайы қайырымдылық жәрмеңкесінде сатылып, нәтижесінде 400 000 теңгеге түсті. Осы қаражат материалдық көмекке мұқтаж 61 мүгедек балалардың арасында бөлінді. Дамуында ерекшелегі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар акция ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.