You are here

Бородулиха ауданының прокуратурасы кәсіпкерлер құқықтарының көптеген бұзушылықтарын анықтады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бородулиха ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушылық органдардың  жер учаскелерін мақсатты пайдаланылуын өзгертілгені жөнінде екі заң бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде, әкімдіктің шешімі бұзылып, кәсіпкерлердің қызметіне кедергі келтірген кінәлі тұлғалар «қызметіне толық сай емес» түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ, аудан прокуратурасы мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттарын өзгерту фактілерін анықтады. Кәсіпкерлер «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтерді ала алмай, жер қатынастары бөлімінің мамандарына барып, жерді уақытша пайдалану келісімшартын жасауға және уәкілетті органға жер-кадастрлық жоспарын алу үшін өздері жеке баруға мәжбүр болған. Қадағалау актілері бойынша осы тәртіп тоқтатылып, кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды. 

Жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы қызметін талдау барысында кәсіпкерлердің құқықтарының шектелгенін көрсетті. 4 жағдайда мемлекеттік сатып алу кезінде жұмыстар мемлекеттік коммуналды кәсіпорындарға, яғни, кейіннен белгілі бизнес субъектілеріне тапсырылғаны анықталды. Осы фактілер бойынша ТКШ бөлімінің басшысына қатысты әкімшілік өндіріс қозғалып, соттың қаулысымен ол әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.