You are here

Қоғамға қажетті болу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Катон-Қарағай ауданының прокуратурасы «Сен қоғамға керексің», «Еңбек ет те қоғамда қал», «Әрқайсысына қамқорлық» жобаларын жүзеге асыру шеңберінде  «Пробация Үйі» ашты Орталықтың мақсаты – «бір терезе» қағидасы бойынша  сотталғандарған арналған тиімді әлеуметтендіру жүйесін құру, пробация қызметінің есебіндегі тұлғаларды жұмысқа орналастыру.  

Дағдарыстық орталықты ашу кезінде пробациялық бақылауда есепте тұрған ауыл тұрғындары қабылданды. «Пробация Үйіне» келген барлық есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Қабылдауды аудан прокуроры Серік Дүйсенов, әлеуметтік бағдарламалар мен қамту бөлімінің басшысы Лаура Тоқсанова, еңбекпен қамту орталығының директоры Сәуле Елубаева, орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Мақтагүл Молдажанова, жастар орталығының директоры Ернұр Мағауиянов, жергілікті полиция бастығы Қанат Әбенов және жергілікті пробация қызметінің өкілдері жүргізді.  

         Азаматтарды қабылдау кезінде пробация қызметінде есепте тұрған Ұлкен Нарын ауылының тұрғындары мемлекеттік органдардың басшыларына сұрақ қойып, өздерінің мәселелерімен бөлісті. Мысалы, материалдық көмекке мұқтаж азаматтар біржолғы ақшалай көмек алу жөнінде өтініш жазды. Олардың екеуіне бір аптаның ішінде 18 мың теңге материалдық көмек берілді. Бұдан да басқа, «Пробация үйінің» ашылу кезінде аудандық аурухананың дәрігерлері есепте тұрғандардың денсаулықтарын тексерді.

         Сондай-ақ, «Пробация Үйіне» келгендерге жүргізуші куәліктерді қалпына келтіру, «Катон-Қарағай аудандық агротехникалық колледжіне» оқуға жіберу мәселесін шешіп, жұмысқа орналастыру және тұрғылықты мекенжайға тіркеу көмегі көрсетілді. 

         Іс-шараның соңында бұрын сотты болған азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жасқарту, олардың қайталама құқық бұзушылықтарына жол бермеу мәселелері  талқыланды. Барлық мемлекеттік органдардың бірлескен күштері бұрын сотталғандарды қоғамға қайтару бойынша жан-жақты көмек көрсетуге бағыттылған.

Аудан прокуроры Серік Дүйсенов осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру маңызды мәселе,  бұл әрбір мекеме немесе кәсіпорын басшысына қатысты екендігін және жұмыс берушілер мен қоғам сотталғандарға қатысты өз көзқарастарын өзгерту қажеттілігін атап өтті, бұл, Бес институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 33 қадамында көрсетілген.   

 

Катон-Қарағай ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.