You are here

Көкпекті ауданы прокурорының міндетін атқарушы шалғай елді мекендерге тұрғындармен кездесу үшін барды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Көкпекті ауданы прокурорының міндетін атқарушы шалғай елді мекендерге тұрғындармен кездесу үшін барды - 1955942312

Көкпекті ауданының прокуратурасы «Ашық есік күні – прокуратура халық үшін!» атты акция өткізді. Акция барысында шалғай орналасқан ауылдардың тұрғындары прокуратураның басшысына әртүрлі сұрақтар қойды. 

 

Көкпекті ауданы прокурорының міндетін атқарушы Бақытбек Қарымсақов кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалының өкілдерімен шалғай орналасқан елді мекендерге барып, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.  

         Жергілікті тұрғындар  іс-шараға белсенді қатысты. Ауыл тұрғындарының айтуынша олардың аудан орталығына әртүрлі себептермен бара алмайды, ал, аудан прокурорының келуі олар үшін өзекті мәселелерін шешу мүмкіндігі болып табылады. Көкпекті ауданының тұрғындары Бақытбек Қарымсақовқа жер заңнамасы туралы, сот шешімдерінің орындалуына байланысты сұрақтар қойып, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымданған.   

Аудан прокурорының міндетін атқарушы барлық арыздарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнамалардың нормалары туралы нақты ақпарат берді. 15 ауыл тұрғындарының мәселелері жедел шешілді.

         Көкпекті ауданының прокуратурасы шалғай орналасқан ауылдардың тұрғындарымен кездесу өткізу үшін осындай акцияларды жалғастыратын болады.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.