You are here

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары ШҚО прокуратурасының ұжымымен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Парламенті Мәжілісінің сот-құқықтық реформасы мен заңнама шығару бойынша Комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров Шығыс Қазақстан облысына келді. Бүгін ол әріптестерімен – халық қалаулыларымен облыс прокуроры Құсайын Игембаевтың шақыруымен прокуратураның ұжымымен кездесті.

Депутаттар өздерінің сөзінде прокуратура органының жұмысын реттейтін заңнаманың жаңа аспектілерін қозғады. Олардың айтуынша, құқықтық актіні әзірлеу барысында өте көлемді жұмыс жүргізілген. Елбасы құжатқа 30 маусымда қол қойып, 10 күннен кейін ол заңды күшіне енді. - «Тұтас алғанда, «Прокуратура туралы» жаңа заң қабылданған кезде қадағалаудың міндеттері мен қағидалары өзгермеген. Бұл азаматтарды қорғау, заңдылықты сақтау, мемлекеттік органдардың өзара үйлестірілуі», - деп атап өтті халық қалаулылары.        

Өз кезегінде, ШҚО прокуратурасының қызметкерлері қадағалау органында қабылданған жаңалықтар туралы нақты баяндады. Олардың көбісі Бас прокуратураның қылмыстық процесті модернизациялау бойынша ауқымды жобасын қозғады. Облыс прокурорының бірінші орынбасары Ерғали Мабиев хабарлағандай, Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 1 маусымнан бастап, құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «Азаматтардың мүддесінде қылмыстық процесті оңтайландыру» атты пилоттық жобасының жүзеге асырылуына бастамашылық танытты. Оның негізгі міндеті – қылмыстық процесті модернизациялау шеңберінде істерді қарау мерзімдерін қысқарту, құқық қорғау органдарының жұмысын барынша ашық және түсінікті ету. 

Кездесу соңында қызметкерлер депутаттарға бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтып, алғыс білдірді. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.