You are here

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Кеңестің отырысы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Кеңестің отырысы өтті. Іс-шараның шеңберінде кәсіпкерлер қадағалау органы құқықтарын қорғап, заң бұзушылықтарын жоюға көмектесті.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Кеңес бизнеспен өзара іс-қимылдарды күшейту үшін құрылған.  Прокурорлардан құрылған ұтқыр топтар кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шеше алады. Кәсіпкерлер заңнамалардың түсініктемелерімен байланысты нақты сұрақтар қойып, даулы мәселелер бойынша көмек сұрайды.

Өткен отырыста Зырян ауданының бірнеше құрылыс ұйымдары облыс прокуроры Бағбан Таимбетовқа арызданған. Кәсіпкерлер 2015 жылы көктемгі су тасқыны кезінде бірнеше құрылыс ұйымдарынан көмек сұрағанын айтқан. Құм үймелері мен бөгеттерды жедел жасау үшін актілер рәсімделген. Кейіннен жергілікті әкімдік мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалмаған деп атқарылған жұмыстарға ақша төлемеген. Атап өту қажет, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, атқарушылық билік органдары тендер өткізбей, әлеуетті мердігерлермен келісімшарттарды жасай алады. Көктемгі су тасқыны – форс-мажорлық жағдай,  сондықтан, келісімшарттар жедел тәртіпте жасалады. Прокуратура заң бұзушылықтарды жойып, нәтижесінде, бірнеше құрылыс ұйымдарына 30 млн. астам теңге төленді.

Сондай-ақ, «Өскемен қалалық сүт комбинаты» ЖШС берілген өтінімге қарамастан, сүт өнімдерін сату үшін мемлекеттен жеңілдікпен субсидияларды ала алмаған, себебі, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы ұйымның жабдықтары белгіленген нормаларға сәйкес емес деп уәждеген. Алайда, заң бойынша субсидиялар өндіруші пайдаланатын жабдықтардың сапасына қарамай беріледі. Прокуратураның араласуынан кейін, ЖШС өзіне тиесілі 150 млн.астам теңге субсидия алды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.