Құқық қорғау қызметі Орталығында азаматтарды қабылдаудың жаңа нысаны | Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

You are here

Құқық қорғау қызметі Орталығында азаматтарды қабылдаудың жаңа нысаны

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқық қорғау қызметі Орталығында азаматтарды қабылдаудың жаңа нысаны - 1916440610

 

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары енді облыс прокуратурасының құқық қорғау қызметі Орталығында 12 мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларымен тікелей кездесе алады.

Келесі аптадан бастап, бекітілген кестеге сәйкес, әрбір азамат Орталықта облыс прокурорына, ішкі істер Департаментінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі Ұлттық бюроның, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің және облыстың басқада мемлекеттік органдары басшыларының жеке қабылдауына жазыла алады.

Ашылған күнінен бастап, Орталықта облыстың 200-ден астам тұрғыны қабылданды. Талдау көрсеткендей, азаматтар негізінен бірінші басшылардың құзіретіне жататын мәселелермен келген. Сондықтан, азаматтарға ыңғайлы болу үшін Орталықта облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларымен келісіп, ай сайын жеке қабылдауды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Бұл тұрғындармен диалогтың тікелей, көзбе-көз және мәнді өтуіне септігін тигізеді.    

Басшылардың азаматтарды қабылдау кестесі төменде көрсетілген.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.