You are here

Құқық қорғау қызметі Орталығының азаматтарға нақты көмегі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өскемен қаласында құқық қорғау қызметі Орталығының ашылғанына бір ай да болған жоқ. (бұдан әрі –Орталық).

Оның 21 желтоқсанда ашылған күнінен бастап, мамандар  облыстың 200-ден астам тұрғынын қабылдады. Азаматтарға әр сала бойынша ақысыз негізде құқық қорғау қызметтері көрсетілді.     

Бұл жерде арыздар мен өтініштер жедел және сапалы түрде шешіледі. Негізінде, тұрғындар азаматтық-құқықтық мәселелер, сот шешімінің орындалмауы, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің  әрекеттері немесе әрекетсіздіктері жөнінде кеңес алу үшін жүгінеді, - дейді орталық қызметкерлері.  

Мысалы, бір жыл бойы бас бостандығының айыру жерлерінен рақымшылықпен босатылып, қаланың бір диспансерінде есепте тұрған немересінің жеке куәлігін ала алмай жүрген зейнеткер Лидия Пономареваға нақты көмек көрсетілді. Оның айтуынша, ол ХҚКО, полиция мне ТО жүгінген. Еш жерде оған нақты көмек көрсетілмеген соң, ол құқық қорғау қызметінің Орталығына келген. Бұл жерде оның мәселесі бір күні ішінде шешілді. Зейнеткер орталық қызметкерлеріне алғыс айтты.      

Еске сала кету керек, Орталықтың негізгі міндеті – арыздарды жедел шешу, азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою.  

Құқық қорғау қызметінің Орталығы Ворошилов көшесі, 58 мекенжайында орналасқан, азаматтарды жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылдайды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.