You are here

Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерінің модернизациясы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерінің модернизациясы - 1502683636

«Құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерінің модернизациясы». Осындай тақырыппен Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 14 қарашада облыстық сотпен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Құсайын Игембаев қатысты.

Құқық қорғау органдарының басшылары, облыс және аудандық соттардың судьялары экономикалық қатынастар және электронды сот өндірісі саласында ізгілендіру процессі,  тергеу судьяның жаңа өкілеттіктері мен жеке көзқарастары туралы өз пікірлерін білдірді.

Облыс прокуроры өз кезегінде процессуалдық прокурор институтын қалыптастыру, жаңа айыптау актілерін құрастыру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру барысындағы жетістіктермен бөлісті.

Дөңгелек үстел барысында облыс прокурорының бірінші орынбасары Ерғали Мабиев  электронды қылмыстық істердің енгізілуі және «Е-қылмыстық іс» елімізде цифрлік технологияларды дамыту жөніндегі Президенттің Жолдауы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында экономикалық тергеу Қызметімен бірлесіп, 10 қыркүйектен бастап жүзеге асыралатыны туралы баяндады.    

Бірқатар баптарды декриминализациялау жағдайларында экономикалық қылмыстар бойынша сот тәжірибесінің мәселелерін талқылау кезінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қаралып жатқан  Қылмыстық-процессуалдық Кодексіне енгізілетін түзетулер бойынша  қызу пікірталас туындады.   

Кездеуге қатысқандар қылмыстық өндірістің ең өзекті салалары бойынша сындарлы диалогтың пайдасын атап өтіп, осындай іс-шараларды бұдан да әрі өткізіліп тұратынына тілек білдірді.  

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.