You are here

Курчатов қаласында полиция учаскелерінің модернизациясы жүргізілуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тергеушілердің айқын кабинеттері және барлық тергеу-жедел әрекеттерінің бейнекөрсетілімі. Осындай жаңалықтар Курчатов қаласында пайда болды. Қала прокуратурасы жергілікті полиция учаскелерімен бірлесіп ҚР Бас прокуратурасының «Азаматтардың мүдделерінде қылмыстық процесті оңтайландыру» атты пилоттық жобаның шеңберінде жұмысты жалғастыруда.

 

Тергеу әрекеттері өткізілетін полиция қызметкерлерінің кабинеттерінде тәулік бойы бейнежазба жүргізіледі. Бейнежазба қатты дискіге сақталады. Бұдан да басқа, ғимараттың фойесінде орнатылған монитордан нақты режим уақытындағы бейнекөрсетілімді ұсталынған адамның туыстары, сондай-ақ, істер органдарының құрылымдық бөлімшелердің басшылары өз кабинеттерінде көре алады.  

 

«Осы жылдың 1 маусымынан бастап, ШҚО прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп «Азаматтардың мүдделерінде қылмыстық процесті оңтайландыру» атты пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады. Оның негізгі мақсаты – қылмыстық процесті модернизациялау шеңберінде істердің қарау мерзімдерін қысқарту және құқық қорғау органдарының жұмысын барынша  ашық және түсінікті ету»,- деді Курчатов қаласының прокуратурасында.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.