You are here

Құрметті кандидатар!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Жақын уақытта Шығыс Қазақстан облыс прокуратурасымен аудандық прокуратуралардың прокуроры лауазымына орналасу үшін конкурс жариялау жоспарлануда (лауазым санаты C-RGP-5).

Конкурс Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесіне сәйкес жүргізілетін болады (Бас Прокурордың 4 мамыр 2014 жылғы №40 бұйрығы).

Конкурс жарияланғанға дейін кандидаттарды алдын ала іріктеу және зерделеу жүргізіледі (Бас Прокурордың 26 желтоқсан 2015 жылғы №156 бұйрығына сәйкес).

Бұл кезеңдерден өтуден бұрын, мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құқық қорғау қызметіне алғаш қабылданаты кандидаттарға арналған тестілеуінен өту қажет (бұдан әрі - МҚІСЖҚА)

Өтінішті «электронды үкімет» веб-порталы немесе «азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы беруге болады.

Бұдан әрі қажетті құжаттарды тапсырып, заңдарды білуге арналған прокуратурадағы тестілеуден өту (бұдан әрі - прокуратурадағы тестілеу), қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өту және  ұлттық қауіпсіздік органдарындағы міндетті арнайы тексеріс қорытындыларын алу керек.

Аталған рәсімдерден өтуге арналған жолдамалар Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының кадр қызметімен кедергісіз беріледі.

Тілек білдірушілер бүгінгі күннен бастап Шығыс Қазақстан облыс прокуратурасына Өскемен қаласы, Пермитин көшесі 21 мекенжайы және 8 (7232) 24-18-34 телефон бойынша жүгінуіне болады.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.