You are here

Күршім ауданында «Пробация үйі» ашылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратураның бастамасымен Күршім ауданында бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға арналған «Пробация үйі» ашылды.

Дағдарыстық орталық «бір терезе» қағидасы  бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді, бұл, барлық рәсімдерді оңайлатып, жеңілдетеді. Күтілетін нәтиже – бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылып шыққан тұлғалардың қайталама қылмыс жасауын азайту және есептегі тұлғаларды әлеуметтендіру үшін жағдайларды жақсарту. Жоспарда – бас бостандығынан шектеуге сотталған және шартты жазасын өтеп жүрген тұлғаларға қызмет көрсету кезінде уәкілетті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін артыру.

         Бірінші күні «Пробация үйіне» Күршім ауданының №1 пробация қызметінде есепте тұратын 9 ауыл тұрғыны келді. Орталыққа келгендерге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп, белгіленген квота және әлеуметтік дамыту бағдарламасы бойынша жұмыс орындары ұсынылды.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.