You are here

Күршім ауданының прокуратурасы елді мекендерде жолдарды қалпына келтіруге ықпал етті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Күршім ауданының прокуратурасы  журналистермен бірлесіп, бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдарға рейд өткізді. Нәтижесінде мердігерлер бірнеше жолдарды жөндеді.   

Аудан орталығында және ауылдық округтерде барлық жолдар мен жүргіншілер жүретін жолдар тексерілді.  

Ауданның 55 км. құрайтын 34 автомобиль жолдары мен көшелері тексерілді. Тексеру барысында ауданның автомобиль жолдарының кепілдік жөндеуі борйынша мердігерлік ұйымдардың тарапынан міндеттерді орындамау фактілері анықталды. Мысалы, Күршім ауылының Б.Момышұлы және Исабеков атындағы көшелерінде бұрын жөнделген жолдың асфальты  отырып қалған, жол жабындысы шайылып кеткен, сондай ақ, жол шетінде шұңқырлар пайда болған. Марқакөл, Боран, Абай, Ақбұлақ, Төсқайың, Қалғұты, Маралды, Құйған ауылдарында және басқа да ауылдық округтерінде жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілгені анықталды, Қадағалау органы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

Прокуратура мен аудан әкімдігінің бірлескен әркеттері нәтижесінде мердігерлік ұйымдар аудан орталығында 12 жол мен көшелерді жөндеді. Сондай-ақ, аудан жолдарының зақымдалған учаскелерінде шұңқырлар және басқа да кемшіліктер жойылуда.

Күршім ауданының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.