You are here

Қытай Халық Республикасынан келген оралманның ісіне нүкте қойылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы оралман Гүлжан Мәуітханға қатысты іске нүкте қойды. Шекарада кеден бекетінде алынған ақшалай қаражаты оған қайтарылатын болады.  

Осы жылдың 4 сәуірінде Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға орламен ретінде көшіп келген Гүлжан Мәуітханнан шекараның кеден бекетінде декларацияда көрсетпеген 40 000 АҚШ доллары алынған. Гүлжан Мәуітхан Қытайда өз үйін сатып, осы қаражатқа Астанадан үй сатып алмақшы болған. Ол шекара арқылы ақшалай қаражатты өткізу ережелерін білмегенін түсіндірген. Нәтижесінде, «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Зайсан аудандық соты Гүлжан Мәуітханды кінәлі деп танып, 40 000 АҚШ долларын мемлекет пайдасына алу туралы шешім шығарған. Апелляциялық сатыда сот ісін жүргізу тілі туралы талап сақталмағандықтан шешім бұзылған.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы осы істі мұқият зерделеп, Гүлжан Мәуітханның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмағанын анықтады, себебі, Гүлжан Мәуітхан Қытайдан ақшалай қаражатты құпия түрде әкелу ниеті болмаған деген қорытындыға келді.

Бұндай шешім қабылдауға - егде жасында Қытай елінен атамекені Қазақстанға қайтуын мақсат етіп, өмір бойы жинаған дүние мүліктерін сатып, оралман мәртебесін алып, еліне оралған Г.Мәуітханды «экономикалық контрабанда» жасады деп айыптап, оның 40 000 АҚШ доллары қаражатын тәркілеу әділетсіз екендігі негіз болды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.