You are here

Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ұжымымен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ұжымымен кездесті - 888469048

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ұжымы Парламент Мәжілісінің депутаттары Василий Олейник және Снежанна Имашевамен кездесті. Халық қалаулылары прокуратура органдарының қызметкерлеріне заң шығару процессі, соңғы заң жобалары бойынша атқарған жұмыстары, сондай-ақ, негізгі нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістердің ерекшеліктері туралы айтты.    

Парламент Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапары шеңберінде Қазақстанның бірнеше қалаларына барады. Шығыс Қазақстан облысы прокурорының міндетін уақытша атқарушы Құсайын Игембаевтың шақыруымен Василий Олейник және Снежанна Имашева прокуратураның ұжымымен кездесті.  

Василий Олейникті біз жақсы танимыз, ол бірнеше жыл бойы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында облыс прокурорының орынбасары қызметін атқарған, -деді Құсайын Абзалбекұлы. Мәжілісте заңнамаларды қалай жетілдіретіні, қалай қабылдайтыны, депутаттар қандай қиыншылықтармен кездесетіні туралы біз білуіміз қажет. Жақында ғана қызу талқыланған «Прокуратура туралы» заң қабылданды.  Депутаттар өздерінің заң жобалары бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары мен соңғы кезде заңнамаларға енгізілген түзетулер мен өзгерістер туралы баяндады.

- Шынымен айтсақ, өмірде әр түрлі жағдайлар болып жатады,- деді Василий Олейник. Сондықтан да, өмірде болып жатқан өзгерістер жаңа заңдарды қабылдауын, қолданыстағы заңдарға түзетулер енгізілуін талап етеді. «Құқық қорғау жүйесін  жетілдіру туралы», «Терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет ету туралы» қабылданған соңғы заңнамалар қызу талқыланды. Біз шетелдік сарапшыларды, бизнес өкілдерін, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының мүшелерін шақырып, тыңдауларда барлық мәселелерді мұқият зерделейміз. Содан кейін ғана, жергілікті ерекшеліктерді ескеріп, заң жобасы бойынша шешім қабылдаймыз. «Прокуратура туралы» заңның тұсаукесерін Бас Прокурор Жақып Асанов өткізді. Құқықтық акті мұқият зерделеніп, қабылданды. Қыркүйекте бірінші рет осы заңға құқықтық тәжірибеде комментарийлер шығарылады,  қазіргі кезде біз осы жұмысқа белсенді қатысудамыз.

Снежанна Имашева прокуратура ұжымына нормативтік-құқықтық актілерді талқылауға белсенді қатысуын өтінді.  - Бізге прокуратураның пікірі өте маңызды, себебі, осы заңдарды ертең жұмыс барысында өздеріңіз қолданасыздар, - деді Снежанна Имашева.  

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлері талқылауға қатысып, өздерінің заң тәжірибесі бойынша сұрақтарын қойып, заңнамаларды жетілдіру туралы бірқатар ұсыныстарды  айтты.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.