You are here

Облыс прокурорының міндетін атқарушы түзеу мекемелеріне барды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

 

Шығыс Қазақстан облысы прокурорының міндетін атқарушы Құсайын Игембаев Жарма ауданында орналасқан жалпы режимдегі 3 түзеу мекемесіне барды. Жұмыс барысында Құсайын Абзалбекұлы сотталғандардың колонияда қалай жұмыс істейтінін зерделеді.

 

Бас прокуратураның «Колонияларда жұмыспен қамту - 2017» жобасын жүзеге асыру аясында қадағалау органы және Жарма ауданы КАЖ-нің  мекеме әкімшілігінің қолдауымен 7 жеке кәсіпкер түзеу мекемелерінде өз бизнесін ашты. Түзеу мекемелерінде кірпіш, темірден жасалған бұйымдар, құрылыс арматурасы өндіріліп, шағын ферма жұмыс істейді. Нәтижесінде 250 адам жұмыспен қамтылып, жалақы алады.  

         Бұдан да басқа, Құсайын Абзалбекұлы колонияда кезеекші прокурордың жұмысымен танысып, сотталғандардың қабылдауын жүргізді. Қабылдау барысында сотталғандар өз проблемаларымен бөлісіп, қадағалау органы олардың барлық арыздарына жедел ықпал ететініне алғыс білдірді.  

         Жұмыс барысы соңында, Құсайын Игембаев прокурор кабинетінің жұмыс тиімділігін арттыру, сондай-ақ, сотталғандардың құқықтарын сақтау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.