You are here

Өскемен қаласында «Алимент төле!» акциясы өткізілуде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

1-27 мамыр аралығында Өскемен қаласының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп «Алимент төле!» акциясын өткізуде. Оның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, алименттік төлемдер бойынша берешек көлемін азайту, жұмыссыз борышкерлерді жұмысқа орналастыру.

Қазіргі кезде облыс орталығында 188 атқарушылық құжаттар бойынша 156 млн. теңгеден астам алимент берешегі жинақталған. Акция барысында қала прокуратурасы Өскемен қалалық қамту Орталығының қызметкерлерімен әр аптаның бейсенбісінде жұмыссыз борышкерлерді есепке алады. Оларға бос жұмыс орындары ұсынылады. Орталыққа келмесе немесе жұмысқа орналасуға ниет білдірмесе оларға қатысты заңмен белгіленген жауаптылық шаралары қолданылады.  

Атап өту қажет, өткізілетін акция шеңберінде прокуратура қызметкерлері қала кәсіпкерлерімен бірлесіп, кәмелетке толмаған балалары бар қолайсыз отбасыларға, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға көмек көрсетеді. Жалғызбасты аналарды жұмысқа, балаларды мектептерге, балалар бақшасына, каникул кезінде балаларды жазғы демалыс лагерлеріне орналастырады, жәрдемақы алу үшін құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға жәрдемдеседі. Қоғамдастықтың назарын алименттерді төлемеу мәселесіне аудару мақсатында осында акция тоқсан сайын өткізіледі.  .

 

Өскемен қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.