You are here

Өскемен қаласында мемлекеттік рәміздер Күніне арналған веложорық өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Өскемен қаласында мемлекеттік рәміздер Күніне арналған веложорық өтті - 783915029

Іс-шараға тек облыс прокуратурасының ғана емес, сондай-ақ, қала әкімдігінің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және жорыққа қатысуға тілек білдірген қала тұрғандыры да қатысты. Спорт акциясына Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев та қатысты.  

Веложорық сағат 10-да облыс прокуратурасының ғимаратынан басталды. Қатысушылар еліміздің туымен мемлекеттік рәміздер тауына қас қағым уақытта жетіп, велосипедтерін таудың етегіне қалдырып, Конституция мәтіні, ту мен елтаңба, кішігірім амфитеатр орналасқан шыңға жаяу бет алды.  Амфитеатрда  қатысушылар Қазақстанның ән-ұранын орындады.

- Біздің іс-шара символикалық мағынаға ие, - деді облыс прокурорының орынбасары Виталий Шабер. - Мемлекеттік рәміздер Күні  - еліміздің елеулі мейрамы, ол Тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген нәтижелерге арналады, ол, біздің еліміздің алғашқы қадамынан бастап атқарған істеріміздің мақтанышы. Сондықтан да, біз спорт акциясын өткіздік, себебі, тағы да жоғары жетістіктерге жету күш салу  керек екендігін түсінеміз. Біздің қызметкерлерімізден басқа да қарапайым азаматтар, басқа мемлекеттік органдардың өкілдері осы шараға қатысқанына қуаныштымыз. Отансүйгіштік идеялары, отанға деген сүйсіпеншілік баршамызға да маңызды.

Веложорыққа қатысқан қала тұрғындары қадағалау оргаанының бастамасына оң баға берді.  

- Спорт шаралары мемлекеттік қызметкерлерлердің белсенділігін, сондай-ақ, спортпен айналыса алытындығын көрсетті. Веложорыққа қатысқан қала тұрғындары мемлекеттік рәміздер Күнін ерекше атап өтті.  

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.