You are here

Өскемен қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өскемен қаласын прокуратурасының сенім телефонына бір ЖШС-нің директоры қоғырау шалып, оған 150 АЕК (340 350 теңге) мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартылғаны жөнінде арызданды.

Мемлекеттік еңбек инспеторының қаулысына сәйкес, кәсіпкер Еңбек кодексін бұзып, 2016 жылдың тамыз-қыркүйек айында өз қызметкеріне төлемді кешіктіріп, ҚР Ұлттық Банкісінің қайта қаржыландырудың ресми бағасына сай үстемақы төлемеген.  Төленбеген қаражат сомасы тамызда  – 2 486 теңге, қыркүйекте - 6 999 теңге құраған.       

Әкімшілік материалдарды зерделеп, прокурорлар жұмысшы мен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек шартына сәйкес жалақы нақты орындалған жұмысқа төленгені, ал, жоғарыда көрсетілген берешек қызметкерге мүлдем төленбейтіні, және де осы сома оған артық төленгенін анықтады.

Алайда, мемлекеттік еңбек инспекторы жұмыс берушінің уәждерін ескермей, одан тиісті түсініктеме алмай, берешек пен үстемақыны төлемеу фактілерін дәлелдемеген. Сонымен қатар, Мемлекеттік еңбек инспекторы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын бұзып, кәсіпкерді жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығарған.   

Әкімшілік істі зерделеу нәтижелері бойынша қала прокуратурасы наразылық келтіріп, уәкілетті орған оны қанағаттандырды. Кәсіпкерді жауаптылыққа тарту туралы әкімшілік іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартылып, кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Өскемен қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.