You are here

Прокуратура халық үшін қызмет етеді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көкпекті ауданының прокуратурасы «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шара «Прокуратура халық үшін» үндеуімен 3 күн бойы өткізілді.  Акция барысында аудан прокурорының міндетін атқарушы Бақытбек Қарымсақов жергілікті кәсіпкерлер Палатасы филиалының директорымен шалғай орналасқан елді мекендерге барып, азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді, себебі, көптеген ауыл тұрғындарының аудан орталығына баруға мүмкіндіктері бола бермейді.

Азаматтар көбінесе жер қатынастары, сот шешімдері, олардың орындалуы, жеке және заңды тұлғалардың әрекеттерімен келіспеуі туралы мәселелерімен келген. Барлық сұрақтар бойынша түсініктеме берілді, 15 өтініш жедел тәртіпте шешілді, сондай-ақ, 30 арызды аудан прокуроры жеке бақылауға алды.   

Халықтың сенімін арттыру мақсатында Өскемен қаласында да «Ашық есік күні»  өткізілді. Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсету.   

Екі күн бойы прокуратураның қызметкерлері «Нұр Отан» партиясының филиалында және «Император», «Альшемали», «Достық» сауда кешендерінде азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастырды.  Тұтас алғанда, іс-шараға 100-ге жуық қала тұрғындары қатысты. Прокуратура қызметкерлері азаматтардың ауызша өтініштеріне жедел тәртіпте түсініктемелер беріп, 21 талап-арызды дайындауға көмектесіп, азаматтардан 10 жазбаша арыз қабылдады.

Қала тұрғындары көбінесе мемлекеттік қызметтерді көрсету, жер учаскелеріне құжаттарды рәсімдеу, тұрғын үй алу үшін кезекке қою, пәтер алу, алименттерді өндіру, саяжайларды электр қуатымен қамтамасыз ету, жалақы бойынша берешектерді өндіру тәртібін түсіндіру және т.б. мәселелерімен жүгінген.

Қосымша зерделеуді қажет ететін арыздардың барлығы қабылданып, қазіргі кезде олар қала прокуратурасының қарауында. Әрбір өтініш бойынша арызданушыларға нақты жауап беріледі.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.