You are here

Прокурорлар аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмектесуін жалғастыруда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмектесуін жалғастыруда - 526916543

Семей қаласының прокуратурасы білім беру бөлімімен бірлесіп Шығыс және Бұлақ ауылдарында тұратын қолайсыз, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек беруге бағытталған акция өткізді.

 

Барлығы, қадағалау органы мен мемлекеттік қызметкерлер 35 балаға барды. Оларға ойыншықтар, киім, мектеп формасы, аяқ-киім, азық-түлік, дәрі берілді. Бұдан да басқа, бір отбасыға құжаттарды рәсімдеуге және екі баласын тіркеуіне, аураханадан балалар тамағын алуға жәрдемдесті.

        

Көкпекті ауданының прокуратурасы «Берекелі отбасы-бақытты балалық шақ», «Балаларды бірге қорғайық» жобаларын жүзеге асыру аясында қолайсыз отбасыларға жан-жақты көмек көрсетті.   

 

Қадағалау органдары қызметкерлерінің бастамасымен АІІБ, прокуратура органдары және уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдері кірген ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Осы топтың мүшелері қолайсыз отбасылар туралы барлық мәліметтер жинап, олардың әлеуметтік сипатын анықтап, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Бұдан да басқа, жобалардың аясында алты адам жұмысқа орналастырылып, екеуіне атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, мемлекеттік балалар жәрдемақысы рәсімделіп, 9 отбасыға киім және азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді. 

Қазіргі кезде Көкпекті ауданының прокуратурасы қолайсыз отбасылардың балаларына әртүрлі конкурстар мен жарыстар өткізу түрінде жобалардың жүзеге асырылуын жалғастыруда. Осы шараға қатысқандарға мектеп тауарлары сыйға берілді, ал, тәрбиесі қиын жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға шақырды.     

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.