You are here

Прокурорлар мен кәсіпкерлер Палатасының өкілдері бизнестің өзекті мәселелерін талқылады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар мен кәсіпкерлер Палатасының өкілдері бизнестің өзекті мәселелерін талқылады - 1762757373

Облыс прокуроры Құсайын Игембаев бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен және аумақтық кәсіпкерлер Палатасының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлер өз қызметінде жиі кездесетін мәселелерді баяндады.  

2017 жылдың 14 шілдесінде қадағалау органдарында арыздарды қарау тәртібін өзгертетін жаңа «Прокуратура туралы» Заң қолданысқа енгізілді. Енді бизнес субъектілері өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін уәкілетті органдарға немес сотқа дербес жүгінетін болады.     

Сонымен қатар, қыркүйек айында Бас Прокурор және «Атамекен» ҰКП екі жақтың міндеттері мен құқықтарын қарастыратын екі тарапты келісімшарт жасады. Осы нормативтік-құқықтық акт бизнестің жүйелі мәселелерін анықтауға және шешуге бағытталған. Шығыс Қазақстан облысында келісімшарт кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп жүзеге асырылады.   

Кездесу барысында қатысушылар «Ертіс ӘКК ҰҚ» АҚ-ның алдында несиелік қаражатты қайтару бойынша қарыздар, бөлшектеп сату, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамту, қоршаған ортаның ластануы, кеден саласында әкімшілік кедергілер, салық және жер заңнамасын қолдану саласындағы мәселелер талқыланды. Қатысушылар оларды шешу жолдары бойынша ұсыныс енгізіп, алдағы мерзімге арналған басымды міндеттерді айқындады.   

Облыс прокуроры қадағалау органымен кәсіпкерлерді қорғау мақсатында қабылданып жатқан шараларға тоқталып, жүргізілген жұмыс нәтижелерімен бөлісті. - «Кәсіпкерлерді біз тексермейміз, олармен ынтымақтастық жасап, олардың мүдделерін қорғаймыз», - деп, осы бағытта өз ұстанымын белгіледі.  

Сондай-ақ, Құсайын Игембаев колонияларда бизнесті дамыту мәселесіне назар аударды. Ол кәсіпкерлерді Бас  прокуратураның «Колонияда жұмыспен қамту - 2017» жобасына белсенді қатысуға шақырып, түзеу мекемелерінде өз бизнесін ашқан кәсіпкерлерге өндірістік алаңдар тегін берілетінен атап өтті.  

Өз кезегінде аумақтық кәсіпкерлер Палатасының басшысы   кәсіпкерлерден түсетін өтініштер қолданыстағы актілермен байланысты екенін хабарлады. Олардың басым бөлігі – салық органдарымен туындайтын даулар. Атап айтқанда, Игорь Шацкий Өскемен қаласының тасымалдаушыларына салықтарды қосымша аудару жөніндегі қалыптасқан аухал туралы айтты. Облыс прокуроры кездесу барысында айтылған мәселелерді мұқият талқылап, оларды бақылауға алуын тапсырды.   

Кездесу соңында осындай іс-шараларды жиі өткізу ұсынылды. Ай сайын осындай кездесулер облыс прокуроры орынбасарларының, тоқсан сайын облыс прокурорының төрағалығымен өтетін болады.  

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.