«Qamqor азаматтарға» қосымшасы жұмыс жасауда | Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

You are here

«Qamqor азаматтарға» қосымшасы жұмыс жасауда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

1 қарашадан бастап Өскемен қаласында Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитетімен әзірленген «азаматтарға арналған Qamqor» қосымшасы пилоттық тәртіпте іске асырылды.

Жаңа технология арқасында облыс орталығының кез-келген тұрғыны ғаламтор желісін пайдаланып, мемлекеттік органдарға шағымдана алады.

Сурет немесе бейнематериал қосып, қызықтырған сұрақты немесе мәселені тіркелген пайдаланушы және жасырын қоюға болады. Бұдан әрі, өтініш орындау үшін құзіретті органға жіберілінеді. Ал, облыс құқықтық статистикасы өтініштін тиісті қаралауын бақылайды.   

Қазіргі уақытта 200-ге жуық адам қосымшамен қолданды. Оның арасында Зырян аудандағы мұғалімдер тобы.

Атап айтқанда, 48 мұғалімнің алдында берешектің сомасы 5 миллион теңгеден асты. Бұл қарыз біліктілікті арттыру курстарына қатысқаннан кейн пайда болған. Сонымен қатар, мұғалімдерге жол жүру және тәуліктік шығыстары төленіп, пәтерде тұрғандары үшін өз қалталарынан төлеуге мәжбүр болған.

Тек прокуратураның араласуынан кейін, аудан әкімдігі мұғлімдер алдында барлық қарыздарды төледі. Пәтерлерде тұруын қоса алғанда, шығындарды есептеу Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.