You are here

Риддер қаласының прокуратурасы арыздарды дереу қарау үшін қоғамдық қабылдау бөлмесін ашты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Риддер қаласы прокуратурасының қызметкерлері әртүрлі мемлекеттік ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп тұрғындардың арыздарын  қарап,  жедел  жауап беру үшін қабылдау бөлмелерін ашты.  

Қадағалау органы бірнеше ай бойынша қала тұрғындарының арыздарын зерделеді. Көптеген арыздардың қаралуы мемлекеттік ұйымдардың немесе коммуналды кәсіпорындардың араласуын, яғни дереу шешуін талап етеді. Прокуратура қала тұрғындарына дереу көмек көрсету үшін арыздарды ұжымды түрде қаралуына бастама таныту қажет деп шешті.

- Қала тұрғындары мемлекеттік органдардың құзіреттілігін біле бермейді, олар бір органнан екінші органға барып, өздерінің сұрақтарына жауап іздейді, - дейді  Риддер қаласының прокуроры Саид Аймұхан. – Кейде, мемлекеттік органдар арыздарды үстріт қарайды. Осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында прокуратура жаңа жоба әзірледі.  Оның мақсаты  – прокуратурада аптасына бір рет әртүрлі мемлекеттік органдардың, коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерімен бірлесіп азаматтардың қабылдауын жүргізеді. Прокуратура барлық сұрақтарға нақты жауап берілуін қадағалайды. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің ашылуы институционалды реформалардың талаптардың орындалуына бағытталған. Елбасы құқық түсіндіру жұмыстарын күшейту және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру  жөнінде баса айтты.

         Қоғамдық қабылдау бөлмесіне алпыстан астам қала тұрғындары арызданды. Мысалы, есепшотына тыйым салынған жергілікті тұрғынға жедел көмек көрсетілді. Есепшотқа тыйым заңсыз салынғаны анықталды.   

Риддер қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.