You are here

Риддер қаласының прокуратурасы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Риддер қаласының прокуратурасы жергілікті қамту бөлімімен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. Облыс прокуратурасының «Берекелі отбасы - берекелі балалық шақ» жобасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылғған іс-шараға мемлекеттік және жеке ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде ұсынылған мамандықтардың тізімі айтарлықтай көп болды. Қаланың әрбір тұрғыны қызметтердің әртүрлі салаларымен танысып, жұмыс берушіге өздерінің түйіндемелерін қалдырды.

 

Негізінде, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне ішкі істер органдарында қолайсыз отбасы ретінде есепте тұрған, сондай-ақ,  кәмелеттік жасқа толмаған балалары, алименттік төлемдері бойынша берешектері бар қалалықтар шақырылды.  Қаланың 150 тұрғыны жұмыс табу мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі кезде алдын ала мәліметтер бойынша 30 адам еңбек келісімшартын жасады.    

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.