You are here

Семей қаласы прокуратурасының жұмысы туралы бейнесюжет Қазақстанда зорлық-зомбылықпен күрес туралы фильмнің негізі болды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Семей қаласы прокуратурасының «#Не молчи!»  қоғамдық қозғалысымен бірлескен жұмысы Қазақстанда зорлық-зомбылықпен күреске арналған фильмнің негізі болды.

 

Бас прокуратураның «Балаларды бірге қорғайық!», сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының «Сәтті отбасы - сәтті балалық шақ!» аты жобаларын жүзеге асыру шеңберінде Семей қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен алматылық «#Не молчи!» қоғамдық қозғалысымен бірлесіп, осы жылдың ақпан айында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасына бағытталған кең көлемді акция өткізді.

Акция барысында сауалнама жүргізіліп, ашық сабақтар, дәрістер, флешмоб өткізілді. Акция аумақтық және қоғамдық қорлары, писхологиялық көмек көрсету қызметері арасында өзара тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.

- Прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жұмыс тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін анықтап, алдын алу шараларын жаңа деңгейге көтеріп, оңды тәжірибемен алмасуға мүмкіндік туғызды, - деді қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

Акция қорытындылары бойынша бейнесюжет түсірілді. Бейнематериалда прокуратураның қоғамдық бірлестікпен жасаған жұмысы көрсетілді. Осы бейнесюжет Қазақстанда зорлық-зомбылықпен күреске арналған фильмнің негізі болды.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.