You are here

Семей қаласының халыққа қызмет көрсету орталытарында сот орындаушылары жұмыс істей бастады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысында айыппұлдар мен алименттерді мәжбүрлеп өндіру бойынша шаралар қабылдануда. Қала прокуратурасының бастамасымен ХҚКО-да сот орындаушылары жұмыс істей бастады. Енді, кез келген қала тұрғыны орталыққа барып, төленбеген айыппұлы немесе алимент бойынша берешек сомасын біле алады.    

Осы шараны қадағалау органы   Ұлт жоспары «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары және Бас прокуратураның «Айыппұл төлеу!» және «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жобаларын жүзеге асыру аясында іске қосты.

Осы шаралар халыққа лайықты қызмет көрсету мақсатында қабылданған. Бұл берешектердің уақтылы өндірілуіне ықпал етеді. Ұтқыр топтардың жұмысы барысында қала тұрғындары бейнетіркеуіш немесе фотоаппаратпен түсірілген жағдайда салынған әкімшілік айыппұлдардың бар екенін білмейтіні анықталды. Сондай-ақ, атқарушылық  құжаттарда борышкерлердің мекенжайлары да қате көрсетіледі. Сөйтіп, атқарушылық өндіріс бойынша борышкерлер қазіргі кезде тисіті ақпарат алып, берешектерін өтеуге мүмкіндіктері пайда болды.  

Бұдан да басқа, қала тұрғындары ҚР әділет Министрлігінің http://www.adilet.gov.kz/ru сайтында айыппұлдары немесе алименттері бойынша берешектерінің бар-жоқ екені туралы толық ақпарат ала алады.

Семей қаласының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.