You are here

Семей қаласының тұзеу мекемесінде ашық есік Күні өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Семей қаласының прокуратурасы ШҚО бойынша ҚАЖД-нің ОВ 156/14 түзеу мекемесінде ашық есік Күнін өткізді.

 

Іс-шараның мақсаты – Бас прокуратураның «Ресоциализация – сен қоғамға керексің!» жобасын жүзеге асыру шеңберінде сотталғандардың туыстарымен байланысын қолдау болып табылады.

Айта кету керек,  осы колонияда ашық есік Күні тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Қала прокуратурасы олардың өткізілуіне аса назар аударады, колонияға жазасын өтеп жүрген сотталушыларға келген туыстарына барлық жағдай жасалып, олар қылмыстық-атқарушылық жүйенің қызметі туралы толық және объективтік ақпарат ала алады.

 

ШҚО бойынша ҚАЖД-нің ОВ 156/14 түзеу мекемесіне туыстарымен кездесуге 90 адам келді, олардың 12 - балалар.  Колонияда сотталушылармен кездесіп, ішін аралау- дәстүрге айналды. Олар үш айда бір рет өткізіледі. Егер сотталушы өзінің міндеттерін лайықты орындап, тәрбилік шараларға қатысса, белсенділік танытса, колония әкімшілік марапат ретінде оның туыстарын ашық есік Күніне шақырады. Осындай шаралар сотталғандарды ынталандырады, - дейді колония әкімшілігі.

Сондай-ақ, сотталғандардың туыстарымен кездесуі - қылмыстық-атқарушылық заңнамада белгіленген кездесулердің санын есептеу кезінде оның шегіне әсер етпейді. 

 

Семей қаласының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.