You are here

Семей прокуратурасы қалада сенбілік өткізді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Семей прокуратурасы қалада сенбілік өткізді - 1695924436

 

 

Семей қаласының прокуратурасы қаланың аумағында көлемді сенбілік өткізді. Прокурорлар әлеуметтік желіде қаланың өзекті мәселелеріне байланысты арыздардың санын талдаған соң, осындай шешімге келді.

Сәуір айынан бастап, Семей қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізуде. Прокурорлар веб-алаңда жергілікті тұрғындардан көптеп түсетін өтініштері - қаланы көркейту мәселесі екенін анықтады. Атап айтқанда, қалалықтар нашар жолдарға, қаланың санитарлық жағдайына, қоқыстардың уақтылы шығарылмауына шағымданады. Прокуратура Семей қаласын тазалау – әрбір қала тұрғынының міндеті деп шешті. Әлеуметтік желідегі өзінің ресми парағында және қалаға арналған әйгілі топтарда прокуратура әрбір тұрғынға сенбілікке шығып, қала тұрғындарының арасында өте әйгілі аралды жинастыруды ұсынды.

- Әлеуметтік желілерде Семей қаласының ластануы туралы көп айтылады, оның тазалау- біздің міндетіміз, -деді Семей қаласының прокуроры М.Турубаев. Семейліктер біздің бастамамызды қолдап, өздерінің таныстары мен достарын шақырды. Семей қаласының әкімдігімен бірлесіп, біз қалалықтардың сүйікті демалу орны - «Полковничий» аралында жалпы қалалық сенбілік өткіздік. Айта кету қажет, Семей қаласының прокуроры М.Турубаев да осы сенбілікке қатысты.  

 

Сенбілікке тек прокуратураның ғана қызметкерлері емес, сондай-ақ, 300-ден астам қала тұрғындары, әкімдіктің қызметкерлері, қалалық және облыстық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Әсіресе, қала тұрғыны Ерін Жанғазақов сенбілікке көптеген желі пайдаланушыларын тартты. Нәтижесінде, аралдың аумағынан көп мөлшерде қоқыс шығарылды. Семей қаласының прокуратурасы қаланың өзекті мәселелерін шешу үшін әрі қарай да осындай акцияларды ұйымдастырмақшы.

 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.