You are here

ШҚО-да мүгедек балалардың мәселелері шешілмейді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ШҚО прокуратурасы ауқымды талдау қорытындысы бойынша мүгедек балалардың мәселелерін шешу жұмысы әлсіз екендігін анықтады. Кемтар балалардың саны жылдан жылға өсуіне қарамастан, уәкілетті органдар осындай қауіпті жағдай болғанын зерделемейді.

         ШҚО прокуратурасы кемтар балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың орындалуына талдау жасады. Қадағалау органы бірқатар жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады.

         Аумақта кемтар балалардың саны 15 208. Соңғы 3 жылда арнайы мұқтаж кәмілеттік жасқа толмағандар саны 34 % өсу байқалады. Атап айтқанда, психикалық дамуының ауытқуы бар балалар саны көбейген (1 762 немесе 35 %). Қадағалау ведомствосы анықтағандай, ешбір уәкілетті орган – мүгедек балалар санының өсуі туралы талдау жасамаған.

         Инклюзивті білім алумен қамтылған кәмілеттік жасқа толмағандар барлығы - 11,8% (1 802 бала).

         Барлық балалардың ішінен, аумақта түзетуді қажет ететін 5 мыңнам астам балаларға инклюзивті білім ұсынылмаған. Олар мектептерге барады, бірақ білім мекемелерінде олардың ауруларын ескеретін ешқандай жағдай жасалмаған.

         ШҚО-ның 3 ауданында мүгедек балалардың оқуына бірде-бір мектепте жағдай жасалмаған. Нәтижесінде бұл аудандарда арнайы көмексіз 600 жуық балалар оқуда.

         Бір аудан оларда арнайы мұқтаж балалар тұрмайды деп есеп берген.

         ШҚО прокуратурасы бұл ақпаратты тексеріп, шын мәнісінде бұл ауданда осындай 53 бала тұратындығын анықтады.

         Соынмен қатар, кемтар балалармен жұмыс істей алатын педагогтардың жетіспеуі байқалады. 23 мыңнан астам педагогтардың тек 0,9 % (224) арнайы балалармен жұмыс істеуге жағдыланған.

         Жиналған сұрақтарды шешу үшін ШҚО прокуратурасы білім Басқармасымен бірге инклюзивті оқуды дамыту туралы аймақтық бағдарламаны дайындауда.

         Мақсат – түзетуді қажет ететін барлық балалардың жартысын қамту.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.